«Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру және ҚР ҚК 2021 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қорытындылары туралы»

Сыбайлас жемқорлық күрделі әлеуметтік, саяси және экономикалық құбылыс болып табылады, ол белгілі бір дәрежеде барлық елдерге әсер етеді.

Сыбайлас жемқорлық демократиялық институтты бұзады, экономикалық жетілуді бәсеңдетеді және мемлекетке нұсқан келтіреді. Сыбайлас жемқорлық - демократиялық институттың негізін сайлау процестерін бұрмалау, заң үстемдігі қағидасын бұзу және бюрократиялық кедергілер жасау арқылы бұзады, бұлардың жалғыз мағынасы - пара бопсалау болып табылады.Тікелей шетелдік инвестициялардың болмауына байланысты экономикалық даму саласында тоқырау байқалады және елімізде шағын бизнес көбінесе сыбайлас жемқорлық нәтижесінде пайда болған «алғашқы шығындар» табалдырығын аттай алмайды.

Мемлекетіміздің қауіпсіздігі  мен егемендігін күзетуде тұрған біз үшін ең бастысы – сыбайлас жемқорлық Қарулы Күштерінің қорғаныс қабілетін әлсіретуге әкеп соғады.

Жоғарғы бас қолбасшымен қойылған Қарулы Күштерінің басты тапсырмасы – біздің еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын әскери құралдармен қамтамасыз етуге әрдайым дайын болу  екені мәлім.

Бүгінде, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері  - бұл, адал және әскери міндетіне берік  әскери қызметшілердің үлкен ұжымы.  Офицерлер, сержанттар және сарбаздар әскери қызметтің ауыртпалығы мен қиындығына табандылықпен төзе отырып, біздің азаматтардың бейбіт өмірін  қорғай отырып,  күнделікті еңбегімен еліміздің қорғанысын нығайтуға үлесін қосуда.

Отансүйгіштік, міндет және абырой – бұл әскердің жеңілмеуіне әсер ететін моральды-рухани қазына.

Қорғаныс министрі атап өткендей, әр қайсысымыз әскери қызметші ретінде қоғамның және құқыққорғау органдарының мұқият назарындамыз. Отан қорғаушылар  ретінде біз, Отан үшін өзімізді құрбан етуге дайын болуымыз керек.

Әскери қызметшілердің жоғары моральды-әдептілік жағдайына қарамастан Қарулы Күштерінің мәртебесіне  сыбайлас жемқорлық жасау және  әдептілікті бұзу теріс әсерін тигізеді. Қарулы Күштеріндегі әрбір сыбайлас жемқорлық дерегі халықтың әскерге деген сенімін жоғалтады, олардың тәуекелдер мен шығындарға қарамастан ел үшін күресу қабілетін жоғалтады.

Ары таза емес әскери қызметші – қылмыс әлемі тұлғалары  мен шет ел арнайы қызметтері үшін оңтайлы объект.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың анағұрлым тараған түрі  -–  келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау кезінде, қызметте жоғарылату, құқықбұзушылық жасағаны үшін жауаптылықтан босату кезіндегі ақша жинау және пара алу түріндегі  қызмет бабын асыра пайдалану.

Әскери қызметшілердің заңды құқықтарын іске асыру кезінде ақша жинау жағдайы орын алуда (кезекті әскери шен  алу, демалыстар т.б.). Ақша қаражаты мен есебін дұрыс көрсетпеу және есептен шығару арқылы материалдық құралдарды ұрлау дерегі де белгіленген.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы көптеген факторлар болуы мүмкін. Ең бастысы – заңды нигилизм және жеке бастықтардың арамдығы, кейбір әскери қызметшілердің жемқор шенеуліктердің «ережелерімен ойнауға» дайындығы, пара беру және пара алушылардың заңсыз баюы, сондай-ақ, профилактикалық жұмыстардың жеткіліксіздігі және  бақылаудың әлсіздігі.

Көбі мұндай фактілерге тап болды, куә болды, бұл туралы әріптестерінен естіді, бірақ үндемей, болып жатқан оқиғаға көздерін жұмып қарауды  жөн көрді.

Осыған сай мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы заң талаптарының негізгі түсінігін, сонымен қатар Қарулы Күштеріндегі 2021 жылғы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қорытындысын жеткізгім келеді.

Қазіргі таңда, елімізде заманауй сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң іске енгізілген, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туалы» Заңы, және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы болып табылады, сонымен қатар бірқатар бағдарламалы құжаттар іске енгізілген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет және мемлекеттік қызмет  жүйесінде қызметтерді іске асыратын арнайы уәкілетті органдар құрылған.

Әсери органдардың сыбайлас жемқорлық көрінісін жоюға бағытталған қызметі   5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам - Ұлт жоспарына, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңмен,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі комиссия қызметін ұйымдастыру туралы Регламентпен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» Заңының 22 бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар,  квазимемлекеттік секторлар және лауазымды тұлғалар әрекетті өз құзыреті  шегінде сыбайлас жемқорлықпен күресуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылға өзгелей жәрдемдескен адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.

Бұл ретте қылмыстық қудалау органдарының Қылмыстық кодексінің  367 бабын қолдану  тәжірибесін еске түсіру қажет, оған сәйкес егер құқыққорғау  немеме арнайы мемлекеттік органға пара беру туралы өз еркімен хабарласа пара берген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Егер бұл адам бұрын ақтау белгілері бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, енді ол тек қана түзелмейтін негіздер бойынша  босатылады.

Бұған Жоғарғы соттың 2018 жылғы 20 сәуірдегі «Сот Үкімі туралы»  № 4 нормативті қаулысы негіз болды, онда осы норма егжей-тегжейлі реттелген.

Конституцияның 4 бабына сәйкес  Жоғарғы соттың нормативті қаулысы заңды және жалпыға міндетті болып табылады.

Осыған сәйкес пара берген әскери қызметші, артынша қандайда бр себептермен ойынан айнып қалса және т.б., жауаптылықтан түзелмейтін негіздер бойынша босатылады және ары қарай Қарулы Күштері қатарынан босатуға жатады.

Өтініш берушілер пара алу фактілері бойынша жауапкершілікке тартылады, ал алдағы дайындалып жатқан қылмыстар бойынша құқық қорғау немесе арнайы органдарға  жүгінсе, пара беру пара алушыны әшекерелеуге бағытталған іс-шара ретінде жүзеге асатынын атап өткен жөн.

Жоғарыда айтылғандай, мен барлығын пара бермеуге, пара алмауға  шақырғым келеді, әрбір әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, ерте ме, кеш пе бәрі белгілі болады. Қылмыстың қашан жасалғаны  маңызды емес, мұндай әрекеттерге қолын былғаған лауазымды тұлғаны әрқашан жауапқа тартуға болады.

Ағымды жылы Қорғаныс министрлігі басшыларының қабылдаған шешімдері  арқасында әскерлерде сыбайлас жемқорлықтың анағұрлым қысқаруына қол жеткізілді.

Бас прокуратурасының мәліметтеріне сәйкес Қарулы Күштеріндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға қысқарды, 26 дан 18ге.

Құрылымы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстары төмендегідей:

Пара алу – 4 дерек (2020жылы  -10, 60 пайызға төмендеді);

Бөтеннің мүлкін иемдену – 4 дерек (2020жылы  -3, 25 пайызға төмендеді);

Алаяқтық – 4 дерек (2020жылы  -2, 50 пайызға өскен);

Пара беру – 3 дерек (2020жылы  -5, 40 пайызға төмендеді);

Билікті мақсатына пайдалану – 2 дерек (2020жылы  -2, қалыпты);

Билікті асыра пайдалану – 1 дерек (2020жылы  -3, 66 пайызға төмендеді);

Қызметтік жалғандық - 0 дерек (2020жылы  -1, 100 пайызға төмендеді);

Cыбайлас жемқорлық деректері орын алған: ЖӘБО– 2 (Алмат қаласы, Наурызбай аудандық ҚІЖБ, Жаңаөзен қаласы ҚІЖБ), ЗД – 1, АПБ -1 (Аягөз АПБ), 14776  әскери бөлімі -1,Құрлық әскерлерінде – 7 (ЧНП УГК СВ – 1, «Астана» ӨҚ – 4, ДШӘ - 2), Әуе қорғаныс күштері – 1 (ӘКҚҚ), Т және ҚББ – 4 (Т және ҚББ – 1, 60601 – 1, 29219-2) .

Қарулы Күштері қызметтерінің сыбайлас жемқорлыққа бейім бағыттары:

Кадр жұмыстары - онда жекелеген лауазымды тұлғалар ақшалай сыйақыға келісімшарт мерзімін ұзартуға, жоғары лауазымдарға тағайындауға және қызметте қамқорлық көрсетуге әрекет еткен.

Қаржы қызметі - онда бюджет қаражатын иемдену, қызметтен босатылған әскери қызметшінің сауықтыруға арналған жәрдемақысын төлеуге арналған қаражатты бағынысындағы әскери қызметшілерге іссапар шығыны ретінде аударымдар, сонымен қатар ақша жинау.

Тылдық қамтамасыз ету - киім мүлкінің жетіспеушілігін жасыру мақсатындағы және ЖЖҚ ұрлау қылмыстары

Мемлекеттік сатылымдар туралы келісім бойынша орындалмаған жөндеу жұмыстарын қабылдау

Мемлекеттік қызмет көрсету

Аталған қызметтер бойынша сыбайлас жемқорлық жеткілікті, дегенмен тек біразын оқимыз:

Капитан А.Е. Мукашев, 10952 әскери бөлімнің командирі бола тұра қызметте қамқорлық көрсету мақсатында әскер қатарына жаңадан шақырылған әскери қызметшілер А.Б. Доспанбетов пен Б.Е. Ерболғаннан, әр қайсысынан 150 мың теңге көлемінде ақша қаражатын талап еткен.2021 жылғы 8 шілдеде ҚР Әскери сотының қылмыстық  істер бойынша сот алқасымен параның 50 пайыздық мөлшерінде, сомасы  150 000 000 теңге көлемінде  айыппұл салынып, «капитан» әскери шенінен айырумен сотталған.

Капитан Ж.В. Юсенова, 60601 (Приозерск қаласы) әскери бөлімінің қаржы қызметінің бастығы, 2020 жылғы шілде айында қызметтен босатылған әскери қызметшінің сауықтыруына арналған жәрдемақыны 364 мың 388 теңге көлемінде өз шотына аударған, ағымды жылы Т және ҚЖББ анықталған. 2021жылғы  8 қыркүйекте ұрланған мүліктің 10 есе мөлшерінде айыппұл салумен сотталған, д.а. 3 миллион 643 мың  880 теңге.

Аға сержант Е.К. Сарбасов,  12740 әскери бөлімінің (Сарыөзек қалашығы) ЖЖҚ қоймасының бастығы, 2021 жылғы сәуірде жалпы сомасы 52 мың  409 теңгеге ЖЖҚ ұрлаған, бұл дерек әскери полиция және әскери - тергеу органдарымен анықталған. 17.06.2021ж. ұрланған мүліктің мөлшерінен 10 есе мөлшерде айыппұл салынып сотталған, д.а.  524 мың 90 теңге.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстың ең ауқымдысы Тыл және қару-жарақ басқармасының бұрынғы бастығы полковник Сатыбалдинов пен оның қаржы сұрақтары жөніндегі көмекшісі подполковник Джарбулованың билікті асыра пайдалануы болып табылады, олар 2021  жылғы мамыр айында қосымша ақшалай  сыйақы алған әскери қызметшілерден 2 млн. теңге ақша қаражатын жинаған.

Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жасалуына негізгі себепкер болған жағдайлардың бірі Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің төмендігі болды.

Олардың жасалуының себептері мен түрткі болған жағдайлары  сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша міндеттерді тиісті деңгейде орындамау,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды және әдеп нормаларын сақтамау, жоғары басшылық тарапынан бақылаудың болмауы, кадрларды іріктеудегі  кемшіліктер, төменгі деңгейдегі тәрбие және алдын алу жұмыстары болды.

2021 жылы 18 сыбайлас жемқорлық қылмыстың  3-уін Қорғаныс министрлігінің өздері айқындағанын айта кету керек (ҰЖЖД, Т және ҚББ, әскери полиция), 56 пайыз (18 ден 10) сыбайлас жемқорлық қылмыс әскери қызметшілердің өздерінің хабарлауының арқасында ашылды, алдыңғы жылы бұл көрсеткіш  30 пайызды құраған. 

Бұл әскерлер ортасында сыбайлас жемқорлыққа  жол бермеу деңгейінің жоғарылауының көрсеткіші, бұған оқу модульдері мен ситуациялық кейстерді пайдалану арқылы жүргізілген түсіндірме жұмыстары шаралары себепкер болды.

18 Сыбайлас жемқорлық қылмыстың  12-сі өткен жылдары жасалған (2018 -1, 2019- 5, 2020 -6)

Жасалған Сыбайлас жемқорлық қылмыстың  нәтижесінде мемлекетке 28 млн. теңге көлемінде шығын келтірілген, заңды тұлғаларға – 9 млн. теңге, жеке тұлғаларға – 4 млн.теңге.

ҚР ҚК есептелген Сыбайлас жемқорлық қылмыстың  17-cінен 12-сінде әскери қызметшілердің кінәсі дәлелденген.

Басқа 5 сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеулер мен сот істері жүргізіліп жатыр.

Оң мысал – жергілікті әскери басқармаларда сыбайлас жемқорлық бұзушылық деңгейінің айтарлықтай төмендеуі, соңғы 3 жылда осы бағыттағы қылмыстар саны 6 есе қысқарды немесе 85 пайызға (13 тен 2 ге).

Анықтамалық: 2018ж. - 13, 2019ж. - 10, 2020ж. - 4, 2021ж. – 2.

Бұған өз қатарларында сыбайлас жемқорлықты жоюға мүдделі ҰЖЖД басшылығының белсенді  рөлі әсер етті, олар жоғары басшылықтан сыбайлас жемқорлық қаупін, және де оны жасауға бейім лауазымды тұлғаларды жасырмайды.

Сонымен, ағымды жылы ҰЖЖД бастамасымен әскери полиция Жаңаөзен қаласының ҚІЖБ бастығы подполковник Қасымовтың билігін өз мақсатына пайдаланғанын айқындады,  ол бағынысындағыларға  8 азаматтық тұлғаға негізсіз әскери билет беру туралы нұсқама  берген.

2021 жылғы 13 тамызда 2 жыл бас бостандығынан айыруға сотталған.

Мемлекеттік органдарда  жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар талдауы қорғаныс ведомствасында  сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жағымды жайттарын көрсетуде.

Сонымен, Қорғаныс министрлігінің жүйелі шаралары арқасында сыбайлас жемқорлыққа айыпталған әскери қызметшілер бөлігінде сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша 18 мемлекеттік орган арасында  14 орында тұр, ал қылмыстардың жасалуы саны әскери қызметшілердің жалпы саны қатынасында  0,01 пайызды құрайды, өткен жылы бұл 0,03 пайызды құраған. 

Мысалға, Энергетика министрлігінде айыпталушылар  саны - 1,1 пайызды құрайды,  Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрліктерінде  – 0,4 пайыздан, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылық, Ақпараттық және қоғамдық даму министрліктерінде – 0,3 пайзыдан.

Оң өзгерістерге себеп болды:

Әскери қызметшілердің ақша қаражатының өсуі;

гарнизондық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның құрылуы және онда елімізде жасалған қылмыстарды талқылау;

сыбайлас жемқорлық қаупі талдауын жасау;

цифровизация;

Мемлекеттік қызмет Тізбесіне бұрын ең жемқор және «жасырын» болған әскерге шақырудан босату және кейінге шегеру бойынша қызметтерді қосу;

Бұл оң жағдайларды Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігі ағымды жылдың шілде айында жарияланған мақаласында атап өткен, онда Қорғаныс министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша министрліктер арасында көш бастап тұр және азаматтардың қанағаттану  деңгейі 89 пайызды құрайды.

Осымен қатар, Қорғаныс министрлігі сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы жағдайын жою үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте негізігі назарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық қаупі талдауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды және шектеулерді сақтау, мүдделер шиеленісін болдырмау және алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құру секілді алдын алу шараларына аударған.

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені іске асырылуда:

әскери қызметшілердің ақша қаражатын көбейту бойынша шаралар қабылданған;

әскери полиция әскери қызметшілердің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы» Заңының талаптарын орындауын тексереді;

әскери бөлім басшыларына сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауға алғышарттарды жою туралы 83 ұсыным, 17 ақпараттық хат жолданған. Тәртіптік  жазаға 192 лауазымды тұлға тартылған;

Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 5 наурыздағы бұйрығымен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауға жоғарғы қауіпі бар лауазымдар тізбесі бекітілген, осы лауазымдарға тағайындалар  алдында полиграф қолдану арқылы тексеру жүргізіледі, Қорғаныс министрлігінің, Бас штабының және Қарулы Күштерінің бас басқарма және басқарма бастықтарының, Департамент бастықтарының лауазымдарымен толықтырылған.

457 тұлғаға қатысты, оның ішінде 157 (жалпы санынан 34 пайыз) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауға, қатысты болуға және жасыруға  бейімдігі анықталған;

сыбайлас жемқорлық қаупінің ішкі және сыртқы талдауын жасау нәтижесінде жергілікті әскери басқару органдарында (ендігі жерде -ЖӘБО) айқындалған сыбайлас жемқорлық қаупі жойылуда;

ЖӘБО ең жемқор және «жасырын» екі қызметі (әскер қатарына шақырудан босату және кейінге шегеру) мемлекеттік қызмет көрсету Тізбесіне енгізілген және «электронды үкімет» порталы арқылы жүргізіледі.

2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы және оның аудандық бөлімшелерінде  ҚІЖД кешенінде «Сандық жергілікті әскери басқару органы» пилотты жобасы іске қосылған. Болашақта барлық ЖӘБО бірыңғай заманауй стандартқа келтіру жоспарлануда;

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен интеграция жүргізілген, осыған байланысты жергілікті әскери басқарма органдарынан әскери міндеттілердің әскери есепке тұруын және ұйымдарда, кәсіпорындарда және бизнес субъектілерінде әскерге шақыруға  бақылау қызметі алынып тасталған (интеграция ҚР ҚМ ИН АСМР және ИС МТСЗН). Егер бұрын заңды тұлғалар «өз қолдарымен» қызметке қабылданған әскер қатарына шақырушылар туралы ақпаратты берген болса, егер уақытылы бермесе әкімшілік жауаптылық қарастырылған, ал қазір жергілікті әскери басқару органдары өздері тиісті мәліметті алады.

Өкілдердің қатысуымен ҚР ҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету комиссиясы отырысы және сыбайлас жемқорлық қаупі талдауы жүргізілетін «Қарулы Күштері - Адалдық алаңы» офистері жобасының жұмысы жетілдірілген.

2021 жылы мамыр айында Комиссия төрағасының бақылауымен жүргізілген сыбайлас жемқорлық қаупінің ішкі талдауы нәтижесінде,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету  жөніндегі Агенттік   ҚМ, БШ және ҚР ҚК құрама бөлімшелері қызметін, мемлекеттік органдар арасындағы үздіктердің бірі деп көрсетті,  ол жөнінде Мемлекет басшысына ұсынылатын 2021 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы ұлттық баяндамада көрсетіледі.

Кадрлар жұмысы, жергілікті әскери басқарма органдары, капиталды құрылыс, тұрғын үйді жөндеу және бөлу, әскери білім және ғылым саласында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың жасалуына  түрткі болған себептер мен жағдайларды жою бойынша барлығы 79  ұсыным әзірленген,  оны іске енгізу 2021 жылғы желтоқсан айында Комиссия отырысында қарастырылған.

2021 жылғы 8 комиссия отырысы ұйымдастырылған, оның   3 гарнизонға шығумен. Жұмыс қорытындысы бойынша әскери басқару органдары қызметінің түрлі бағыттарында  сыбайлас жемқорлық қаупін жою бойынша 153 ұсыным әзірленген.

Гарнизондық комиссия қызметіне бақылау жүргізілуде, оның 232 отырысында 991 тиісті ұсынымдар берілген.

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа кеңінен қолжетімділігін қамтамасыз етуге жеке блок арналған.

Осы мақсатта Қорғаныс Министрінің ақпараттық сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» арнайы рубрикасы қызмет етеді, онда жетекші құжаттар, оқу құралдары,  әскери қызметші лауазымдық міндеттерін орындау кезінде пайда болатын, түрлі басты жағдайлар сипатталған мүдделер шиеленісін болдырмау және шешу бойынша әдістемелік ұсынымдар, және басқа да маңызды ақпараттар көрсетілген.

 Осы рубрикада  2004 жылдан бастап осы уақытқа дейін сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін сотталған 257 Қарулы Күштерінің лауазымды тұлғалары енгізілген.

Онда мынандай мәліметтер көрсетілген: тегі, аты-жөні, қылмыстың қысқаша мазмұны мен дәрежесі, сотталған күні, негізгі және қосымша жазалаудың түрлері мен шаралары.

Көрсетілген мәліметтерді жариялау, халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын, сотталғандардың мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік секторлар субъектілерінде белгіленген лауазымдарға тағайындалуына тыйым салынуы туралы шешімінің  орындалуын қоғаммен бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, қоғамның Қарулы Күштеріне сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікпен көрсетілген  әскери ортадағы құндылықты нығайтады.

 Барлық әскери қызметшілер санаты үшін оқу модульдері мен ситуациялық кейстер кеңінен пайдаланылады. Берілген кешенді оқу платформасы әскери қызметшілердің жалпы және құқықтық мәдениетін жоғарылатуға, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» атмосферасын құруға бағытталған.

Офицерлік жиналыстарда офицерлер арасында әдептілік нормасын бұзу, олардың заңсыз әрекеттерін бағалау, әскери қызметшілердің қызметтегі және тұрмыстағы лайықсыз мінез-құлқына қоғамдық әсер ету қарастырылады.

 Қорғаныс министрлігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі Агенттік арасында өзара әрекеттестік туралы Меморандум шегінде ақпараттар алмасу, әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін құру және сыбайлас жемқорлық қаупін талдау бойынша бірлескен жұмыстар іске енгізілген.

2021 жылы әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін құруға бағытталған 8654 іс-шара жүргізілген (6307 жеке кеңестер, 1738 сабақтар, 143 дөңгелек үстелдер,  құзырлы органдардың қатысуымен 229 жиналыстар, өңірлік ЖАҚ  237 мақала жарияланған).

2021 жылғы тамыз айынан бастап ҚР ҚК құқықбұзушылықтар туралы хабарламаларды қабылдау мақсатында ұялы телефондар үшін  ыңғайлы «Сенім» мобильді қосымшасы енгізілген. Оған 2500 ден астам адам тіркелген, олардан 50 хабарлама келіп түскен.

Тікелей сенім телефондары қызмет етеді.

2020 және 2021 жылдарда бюджеттік шығындар шегінде сатылымдарды ұйымастыру кезінде заңдылықты сақтау сұрақтары бойынша іс-шаралар.

Тауарларды сатып алуда бағасын жоғарылатуға, сатып алуды жүргізу процедурасын бұзуға, тапсырыс берушілерді негізсіз қолдауға мониторинг жүргізу мақсатында кәсіпкрелердің Ұлттық палатасымен әзірленген «Сатып алудың бірыңғай терезесі» бағдарламасы іске енгізілуде.

Сыбайлас жемқорлық жағдайды жалған жасау құралы арқылы әскери қызметшілердің адалдығын тексеру  институты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетте   нәтижелі механизм болуы мүмкін.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» Заңын осының жүргізілуі механизмін реттейтін қосымша тарау енгізілуде.

Тексеру теріс нәтиже берген жағдайда (қызметтік жағдайын пайдалана отырып, пара алуға, басқа да мүліктер мен артықшылықтар түрінде пайда көруге  келісім көрсету) тесттен өтуші (тексерілуші) қылмыстық жауаптылыққа тартылмастан қызметтен босатуға жатады.

Әскери қызметшілерді адалдыққа тексеруге жауаптылықты әскери полиция органдарына жүктеу ұсынылған.

Әскери қызметшілерді аттестаттау  сапасын жоғарылату және  ҚР ҚК сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында  «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» Заңына Қорғаныс министрінің шешімі бойынша аттестаттау кезінде әскери қызметшілердің полиграфологиялық зерттеуден өтуі қарастырылған қосымша енгізу сұрағы әзірленген.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда тәртіптік тәжірибені қолданудың маңызын ескере отырып, Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін  тәртіптік әрекеттер үшін жауаптылыққа  тарту бөлігіндегі кемшілікті жою мақсатында «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына тиісті қосымшалар енгізіледі.

Бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 576 қаулысына сәйкес, Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 644 бұйрығымен бектілген 2021-2025 жылдарға Қазақстан  Республикасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске енгізу бойынша Қорғаныс министрінің 2021-2023 жылдарға іс-шаралар жоспарына енгізілген.

Көрсетілген заңды бастаманы іске енгізу және бұрын қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Дата публикации
01 апреля 2022