«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери лазарет, Сарыөзек кенті» Республикалық мемлекеттік мекемесі, почталық индекс 041100, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, әскери бөлім 1/63.
Сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі (дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен олардың саны (көлемі) мен толық сипаттамасы, сатып алуға бөлінген сома әрбір тауарларға сұраныс қосымшасында көрсетілген (Қосымша 2).
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің «Әскери лазарет, Сарыөзек кенті» РММ Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, әскери бөлім 1/63 мекен-жайына тауар жеткізілуі тиіс.
Тапсырыс берушінің тауарды жеткізудің талап етілген мерзімі сәуір - тамыз 2022 жыл (тапсырыс берушінің сұранысы бойынша).
Баға ұсыныстары әлеуетті жеткізушілермен конвертке салып берілсін (жолдансын) және мекенжайы: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, әскери бөлім 1/63, дәріхана. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Әскери лазарет, Сарыөзек кенті» РММ.
Баға ұсыныстарын түпкілікті тапсыру мерзімі 2022 жылдың 17 наурыз сағат 09:00-ге дейін.
Баға ұсыныстары бар конверттер 2022 жылдың 17 наурызында сағат 10:00-де ашылады. Мекенжайы: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, әскери бөлім 1/63, екінші қабаттағы мәжіліс залы.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8-(7284)-07-90-23, 52-0-25 (эриксон).
Әрбір әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін жабылған түрде бір ғана баға ұсынысын береді. Конверт денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдері арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын тауарлардың осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сонымен қатар фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.
Бірдей баға ұсыныстары ұсынылған жағдайда, баға ұсыныстарын бірінші болып ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға баға ұсынысы мен құжаттарын осы Қағидалардың 102-тармағына сәйкес ұсынған бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы мұндай әлеуетті өнім берушіні сатып алу жеңімпазы деп тану туралы шешім қабылдайды.
Баға ұсыныстары болмаған жағдайда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылады.