«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:

16 тармақта:

орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 38-26), 38-27) және 38-28) тармақшалармен толықтырылсын:

«38-26) бірыңғай операторға бекітіп берілген әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстарға және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлейді;

38-27) әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

38-28) әскеримақсаттағыбекітіліпберілетінақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді

Арнайы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін қоспағанда, әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына;»;

21 тармақты. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өкілеттігі:

мынадай мазмұндағы 19-100), 19-101) - тармақтармен толықтырылсын:

«19-100) кідіртпей жоюды талап ететін оқ-дәрілерге жатқызу критерийлерін бекітеді;

«19-101) кідіртпей жоюды талап ететін оқ-дәрілерді жою қағидаларын бекіту туралы;»

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 Қазақстан Республикасының

           Премьер-Минисрі                                                    А. Мамин

Проект
Дата публикации
03 декабря 2021