ҚР Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 7 қазандағы № 688 бұйрығы "«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 792 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы"

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 792 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19458 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының «Әскери іс және қауіпсіздік» техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтар тобы бойынша;

         2) осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының «Әскери іс және қауіпсіздік» техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтар тобы бойынша;

3) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының «Әскери іс» жоғары білім беруді даярлау бағыты бойынша үлгілік оқу бағдарламалары бекітілсін.»;

1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының «Әскери іс» жоғары білім беруді даярлау бағыты бойынша үлгілік оқу бағдарламаларында:

Приказ
Дата публикации
21 октября 2021