"«Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 412 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 628 бұйрығы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
    2017 жылғы 3 тамыздағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің ақылы негізде көрсетілетін қызметтеріне тарифтер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік
он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі                                                          М. Бектанов

Бұйрық
Дата публикации
18 октября 2021