Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы
№ 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағының 19-62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (полигондық және тренажерлық жабдығын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
- алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
- Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-лейтенант М. Бектанов