Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына сәйкес баға ұсынысын сұрату әдісімен 2019 жылға Ақтөбе қаласы Әскери госпиталіне медициналық мақсаттарға арналған бұйымдар мен шығын материалдарын сатып алу қорытындысының №1 хаттамасы. 2020 жылғы 24 ақпан

1. Сатып алудың ұйымдастырушысы және тапсырушысы – Ақтөбе қ. Рысқұлов көшесі, 192 мекен жайында орналасқан ҚР ҚМ «Әскери госпиталь Ақтөбе қ.» РММ, №1 қосымша бойынша баға ұсынысын сұрату әдісімен медициналық мақсаттарға арналған бұйымдар мен шығын материалдарын сатып алуды өткізді.

2. Сатып алуды өткізуге жоспарланған сома 8000 000 (сегіз миллион) құрайды.

Сатып алудың көрсетілген әдісін қолдану негізі: Сатып алу, 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 10 тармағына сәйкес жүргізілді.

    «Фармация» ЖШС, «Гелика» ЖШС, НПФ «Медилэнд» ЖШС, «ДиАКиТ» ЖШС, «Альянс» ЖШС, «Ultra medica» ЖШС, Амед-Л» ЖШС, «Интермедика Алматы» ЖШС, «Reamed-KZ» ЖШС  тоғыз жабдықтаушыдан баға ұсынысы келіп түсті және конверттер ашылды;

3. Келіп түскен баға ұсыныстарын комиссия қарап, бағаларын салыстырып, сатып алу нәтижесі бойынша келесі жабдықтаушылармен келісім-шарт жасауға шешім қабылдады:

  •  «Фармация»  ЖШС Ақтобе қаласы, 312 атқыштар дивизиясы, 8 үй, сомасы 854 650,00 (сегіз жүз елу төрт мың алты жүз елу) теңге;
  • «Гелика» ЖШС Петропавл қаласы, Маяковский көшесі, 95 үй сомасы 874 875,00 (сегіз жүз жетпіс төрт мың сегіз жүз жетпіс бес) теңге;
  • НПФ «Медилэнд» ЖШС Алматы қаласы, Ташкент көшесі, 417А н.п.1, сомасы 1 352 782,00 (бір миллион үш жүз елу екі мың жеті жүз сексен екі ) теңге;
  • «ДиАКиТ» ЖШС Караганда қаласы, Октябрь ауданы, 19 мөлтек ауданы 40А кұрылысы, сомасы 139 500 (жүз отыз тоғыз мың бес жүз) теңге;
  • «Альянс» ЖШС Өскемен қаласы, Красина көшесі, 12/2  үй сомасы    642 400,00 (алты жүз қырық екі мың төрт жүз) теңге;
  • «Reamed-KZ» ЖСШ  Алматы қаласы, Пушкин көшесі 13,  сомасы 28 500,00 (жиырма сегіз мың бес жүз ) теңге;
  • «Ultra Medica» ЖСШ  Ақтобе қаласы, Аз-Наурыз көшесі 5, 112 б.  сомасы 676 150,00 (алты жүз жеспіс алты мың жүз елу ) теңге;
  • «Амед-Л» ЖСШ  Ақтобе қаласы, А,Молдагулова көшесі 33,  сомасы 152 410,00 (жүз елу мың төрт жүз он ) теңге;

      Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген қаулының 10 бабы 113 тармағына сәйкес, ұтып алушы болып танылған күннен бастап жабдықтаушылар тапсырушыға он күнтізбелік күн ішіндегі мерзімде тәжірибелік талаптарға сәйкестігі туралы құжаттарды ұсынуы қажет.

         Баға ұсынысын сұрату әдісімен өткен сатып алудың жалпы 5 240 722,00 (бес миллион екі жүз қырық мың жеті жүз жиырма екі) теңгені құрайды.

4.Баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсімінде «Альянс» ЖШС, «Фармация» ЖСШ және де «ДиАКиТ» ЖШС өкілдері қатысты.

Комиссия мүшелері:подполковник м/с Бердыгалиев С.А.

 

 

Дата публикации
05 марта 2020