"«Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 526 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 595 бұйрығы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы
    9 шілдедегі № 526 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19008 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағының 19-96) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

 «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларыосы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1)   осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2)   осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3)   мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он  күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі                                М. Бектанов

 

Приложение
Дата публикации
08 сентября 2021