Отырыс уақыты: сағат 9:00-ден сағат 9:40-ға дейін.
ҚҚ ҚМ Әскери клиникалық госпиталінің 2021 жылға құрылған тауарларды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қарайтын комиссия құрамында: комиссия төрағасы – бөлімшесінің бастығы медицина қызметінің полковнигі Е.Т.Жумажанов, комиссия мүшелері – жұқпалы аурулар бөлімшесінің бастығы медицина қызметінің подполковнигі А.Н.Васецкий, госпиталь бастығының көмекшісі (құқықтық жұмыстары жөніндегі) әділет подполковнигі Ф.А.Палтушев, нейрохирургия бөлімшесінің бастығы медицина қызметінің подполковнигі Е.Т.Марданов, қаржы қызметінің сержанты аға сержант А.Ж.Амангелдин, комиссия хатшысы – экстракорпоралды детоксикация және гемодиализ бөлімшесінің бөлімше сержанты – аға медбике үшінші сыныпты сержант Э.Т.Сатымбаева
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 04 маусымдағы № 375 қаулысы негізінде, хабарландыру шарттарына сәйкес 2021 жылдың 16 тамызында сағат 9:00-де, ҚР ҚМ ӘКГ бөлімшелеріне медициналық шығыс материалдарын әкелуге әлеуетті өнім берушілерден баға ұсыныстары бар конверттерді ашу бойынша мемлекеттік сатып алу отырысы өткізілді.
ҚР ҚМ ӘКГ мекен-жайыңа келесі әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары бар конверттер келіп түскені анықталды:
ЖШС Мерусар и К және ЖК «Айша» кешігуге байланысты құжаттар қаралмаған
Келіп түскен баға ұсыныстарын комиссия қарап, бағаларға салыстырмалы талдау жасап сатып алудын қорытындысы бойынша ең төмен баға ұсынған өнім берушілермен келісімшарт жасауды ұйғарды:
Жоғарыда аталып өткен жеңімпаз өнім берушілер «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 04 маусымдағы № 375 қаулысының 9 бабында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келеді.
Сонымен қатар, тараудың 104 тармағына сәйкес жеңімпаз аталған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде тапсырыс берушіге біліктілік талаптарына сәйкестігін дәлелдейтін растау құжаттарын ұсынады.
Мемлекеттік сатып алу комиссиясымен баға ұсыныстар арқылы жасаған сатып алудың қорытындысы бойынша ШЕШІЛГЕНІ:
ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жоғарыда аталып өткен жеңімпаздармен медициналық бұйымдарды беруге келісімшарттар жасалсын.
Комиссия төрағасы: м/қ полковнигі Е.Жумажанов