БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларында:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі анықтамалар:
1) авиациялық бөлім (бұдан әрі – бөлім) – Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының жойғыш, бомбалаушы, шабуылшы, көлік, армиялық және оқу-жаттығу әуе кемелерінің (бұдан әрі – ӘК) ұшуын жүргізуді, оларды пайдалануды, жөндеуді және сақтауды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиациялық қызметі Авиациялық басқармасы, авиациялық комендатуралар, авиациялық мүлік қоймалары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің (бұдан әрі – ҚР МКҚ), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) құрылымдық бөлімшелері, олардың құрамына ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланатын бөлімшелер, сондай-ақ авиациялық персоналды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталықтары, ұшқышсыз ұшу аппараттарын жауынгерлік даярлау және жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталықтары кіреді;
2) авиациялық бөлімнің басшы ұшқыш құрамы – авиациялық эскадрилья командирінен, авиациялық бөлім бастығынан (бұдан әрі – авиациялық эскадрилья командирі) және одан жоғары (жеке авиациялық эскадрильяда буын (жасақ) командирінен, топ ұшқышынан (бұдан әрі – буын (жасақ) командирінен және одан жоғары) лауазымдарды атқаратын ұшқыш құрам;
3) авиациялық техникаға қызмет көрсету жөніндегі авиациялық жердегі мамандар – арнайы даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, авиациялық жұмыстарды жерде қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқарудың жердегі техникалық құралдарын пайдалану, навигациялау, қону және байланыс, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын авиациялық персонал;
4) арнайы әуе кемелері – оларда орнатылған арнайы жабдықты пайдаланумен міндеттерді орындау үшін арналған ӘК;
5) арнайы мақсаттағы алаң – ұшу даярлығының түрлері бойынша жеке жаттығуларды пысықтауды қамтамасыз ететін арнайы дайындалған және белгіленген алаң;
6) арнайы тапсырма – мемлекеттік авиацияны басқару органдарының басшылары бекітетін жауынгерлік, ұшу, оқу-ұшу, арнайы даярлық Курстарында (бағдарламаларында) көзделмеген тапсырмаларды орындауға ұшу (бұдан әрі – Курстар);
қалыпты шайқалу – ӘК жағдайының және (немесе) абсолюттік биіктігінің қалыпты, бірақ бұрынғыдай сенімді басқаруды қамтамасыз ететін өзгеруі, мұндағы ӘК ауырлық күші ортасында акселерометр көрсеткіші 0,5/1,0g, ұшып көтерілу және қону кезіндегі бірқалыпты шайқалу ±0,3/0,4g болған кезде;
қатты шайқалу – ӘК жағдайының және (немесе) абсолюттік биіктігінің күрт өзгеруі, мұнда қысқа кезеңдер ішінде ӘК әуе жылдамдығының тән өзгеруімен, ӘК ауырлық күші ортасындағы акселерометр көрсеткіші 1.0 g асатын, ал ұшып көтерілу және қону кезінде үстемнің ±0,4g шамадан астам болуымен басқаруға бағынбайды;
1) ұшқыштар, штурмандар үшін – арнайы оқу орындарын бітіргені туралы құжат (диплом, куәлік);
2) басқа ұшқыш құрамына және ұшуға басшылық жасау тобының адамдары үшін – жауынгерлік (арнайы) даярлық курстарына (ұшуға даярлық бағдарламаларына) сәйкес оқуды аяқтағаннан кейін ұшуға (ұшуға басшылық жасауға) рұқсат беру туралы бұйрық;
3) кәсіптік қызметке жарамдылық туралы медициналық сараптама қорытындысы;
4) кәсіби қызметті жүзеге асыруға қажетті білімінің және дағдыларының болуы туралы мәліметтер көрсетілген ұшу кітапшасы (ұшу жетекшісінің кітапшасы) болып табылады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Ұшу мақсаттары бойынша былай бөлінеді:
шығару – ұшқыш құрамда ӘК-ны басқару, навигациялау техникасын және оны жауынгерлік қолдануды табысты меңгеруін қамтамасыз ететін практикалық дағдылар мен шеберлікті шынықтыру үшін ұшу;
бақылау – ұшқыш құрамды жаттықтырып ұшуды орындауға тексеру үшін;
жаттықтыру – алған ұшу дағдыларын машықтандыру және оларды одан әрі жетілдіру үшін;
сынақ – ұшқыш құрамның ұшу және тактикалық даярлық түрлері бойынша міндеттерді орынадуға әзірлігін айқындау үшін ұшу;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Жалпы әуе қозғалысына қатысатын ӘК-ның барлық ұшуы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрі міндетін уақытша атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 7006 болып тіркелген) және «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 509 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15852 болып тіркелген) (бұдан әрі – Азаматтық авиацияда ұшуды жүргізу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Бірлесіп орналасу әуеайлақтары аудандарында азаматтық авиация ӘК-ның әуе қозғалысына, сондай-ақ мемлекеттік авиацияның әскери-көлік және (немесе) көлік ӘК-ның жеке ұшуына және ұшып өтуіне қызмет көрсетуді ӘҚҚ органының (қызметінің) кезекші ауысымы жүзеге асырады.
Азаматтық және мемлекеттік авиацияның бірлесіп орналасу әуеайлақтары аудандарында бір уақытта аралас және операциялық әуе қозғалысын жүзеге асырумен байланысты әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 91 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 128 бірлескен бұйрықтарымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 6922 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясының бірлесіп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясының бірлесіп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидалары) сәйкес айқындалады.
Аралас ӘҚҚК органдары мен ӘҚБ органдары арасында ӘК-ның қауіпсіз және кедергісіз ұшуын жүргізуге қатысты ақпаратпен алмасу жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 34-1, 34-2, 34-3 және 34-4-тармақтармен толықтырылсын:
«34-1. Ұшып шығу (қонуға беттеу) схемасынан тыс әуеайлақ ауданында қауіпсіз ұшу биіктігін есептеу кезінде жергілікті жер бедерінің артуын және ондағы жасанды кедергілерді есепке алу жолағы маршрут осінің екі жағынан күндіз – 5 км, түнде – 10 км болып белгіленеді.
34-2. Ұшып шығу (қонуға беттеу) схемасы бойынша ұшу кезінде кедергілерді есепке алу жолағы маршрут осінен екі жағынан 5 км болып белгіленеді.
34-3. Әуе трассаларынан тыс ұшу кезінде жергілікті жер бедерінің және жасанды кедергілердің артуын есепке алу жолағының ені күндіз және түнде ұшу маршруты осінің екі жағынан – 25 км.
34-4. Күндіз жазық немесе қыратты жергілікті жерде бұлттардың төменгі шегінің нақты және болжамды биіктігі 150 м төмен емес және аспаптық ұшу жылдамдығы сағатына 300 км аспайтын ӘК үшін 3000 м және одан жоғары көріну кезінде жасанды кедергілер биіктігі есепке алынбайды.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Метеожағдайлар ШҰР бойынша ұшуды орындау үшін талаптарға сәйкес келмейтін мәндерге дейін нашарлаған кезде жауапкершілік ауданында (аймағында) ұшу орындалатын тиісті ӘҚБ органының рұқсаты бар болған кезде күндіз және түнде ШҰР бойынша арнайы ұшу көзделеді.
Ұшу орындалатын жауапкершілік ауданындағы (аймағындағы) ӘҚБ органы ӘК экипажын метеожағдайдың ШҰР бойынша ұшуды орындау үшін талаптарға сәйкес келмейтін мәндерге дейін нашарлауы туралы хабардар етеді.»;
47, 48, 49 және 50-тармақтар алып тасталсын;
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«74. Ұшу эшелонын (биіктігін) ӘҚБ (ӘҚҚК) органының рұқсатымен өзгертуге жол беріледі.»;
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«77. Берiлген эшелонда ұшу қауiпсiздiгiне қатер төнген кезде (қауіпті метеорологиялық құбылыстарға кез болу, авиациялық техниканың істен шығуы) ӘКК ол туралы ӘҚБ (ӘҚҚК) органына дереу баяндаумен эшелонды (биіктікті) дербес өзгертуге жол беріледі.
Бұл жағдайда ӘКК мынадай жүйелікпен әрекет етеді: ұшу эшелонын (биіктігін) өзгертпей, ӘК-ны маршрут осiнен 30˚ оңға (немесе солға – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарына қарай) бұрады және 20 км ұшып өткеннен кейiн оны бiр уақытта таңдалған эшелонға дейiн биiктiкті өзгертумен бастапқы бағытқа шығарады. ӘКК маневрдi орындағаны туралы ӘҚБ (ӘҚҚК) органын хабардар етеді.
Шұғыл жағдайларда төмендеу ҰПН-ның шектеуi шегiнде бұрылу басталған сәттен бастап дереу орындалады. Ұшудың жаңа эшелонын (биіктігін) алғаннан кейiн ӘКК ӘҚБ органдарымен келісу бойынша ӘК-ны ӘҚҚ маршрутына шығарады.
Әуе трассаларына кіру, олардан шығу және оларды кесіп өту алдын ала келісілген эшелондарда (биіктіктерде) және учаскелерде жүргізіледі.
ӘК әуе трассасын кесіп өту немесе оған кіру үшін эшелонды (биіктікті) оның шегіне дейін 10 км қалғанда алады.
Мемлекеттік авиацияның әуе кемелері ұшуды орындау кезінде ӘК экипажына әуе трассасына кіру үшін оның шегіне жақын келгенге дейін 5 минут бұрын ӘҚҚ (ӘҚБ) органынан рұқсат алуы және кіру шарттарын алуы қажет.
Егер ұшып шығу әуеайлағы әуе трассасына жақын орналасса, оны кесіп өтуге рұқсат ету және шарттар ӘҚҚ және ӘҚБ органдары арасында келісіледі және ұшып шығу алдында ӘКК-ға беріледі.»;
81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«81. ӘК экипажы ұшып көтерілгеннен кейін өту биіктігін кесіп өткен кезде барометрлік биіктік өлшегіш қысымының шәкілін стандартты атмосфералық қысымға ауыстыруды жүргізеді.
Өту биіктігі ұлғаю жағына 100 м еселік мәнге дейін дөңгелектенген әуеайлақтың бақылау нүктесінен 50 км аспайтын радиуста әуеайлақ ауданындағы (MSA) ең төменгі қауіпсіз ұшу биіктігінен төмен емес болып белгіленеді.
Төменгі эшелоннан төмен биіктікте әуеайлақтан тыс маршрут бойынша ұшу үшін ӘК экипажы авиацияны басқару пунктінен орташа теңіз деңгейіне келтірілген ұшу маршрутындағы ең төменгі қысым мәнін сұрайды.»;
107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«107. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы ӘК-ның ұшуын орындау үшін ӘК түрін (модификациясын) ҰПН-ға сәйкес ұшу құрамынан экипаждар құрылады. ӘКК-ге ұшқыш оқу орнын бітірген, ұшу біліктілігінің болуы туралы куәлігі (құжаты) және осы үлгідегі ӘК-ны дербес басқару құқығына рұқсаты бар адам тағайындалады, ол нысаны осы Қағидаларға
7-қосымшада келтірілген ұшқыштың ұшу кітапшасына жазылады.
Мемлекеттік авиация ӘК-ның ұшуын толық немесе қысқартылған экипаж құрамы орындайды.
Қысқартылған экипаж құрамына мынадай жағдайларда ұшуды орындауға жол беріледі:
3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдары (Әскери-әуе күштері қолбасшысы) немесе басқару пункттері басшыларының шешімі бойынша арнайы ұшуды (арнайы тапсырмаларды) орындау.»;
118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«118. Әуе кемесінің командирі:
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«123. Ұшқыш құрамын ӘК-ның алғаш рет меңгерілетін түрінде (модификациясында) ұшуға рұқсат ету теориялық пәндерді білуін тексеру нәтижелері бойынша теориялық қайта оқытып-үйретуден (арнайы бағдарламалардан өткеннен) және тренажерларда (ӘК кабиналарында) практикалық сабақтарды өткізгеннен кейін жүзеге асырылады.
Борттық радиобайланыс, барлау авиациялық құралдарын қолдануға, әуе басқару пункттерінен авиацияның ұшуын жауынгерлік басқаруға, ұшақтарды, тікұшақтарды және авиациялық қозғалтқыштарды, әуе кемелерінің қару-жарағын, көлік және басқа да жабдығын борттық пайдалануға тиісті әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарға тағайындалған авиациялық персоналға жол беріледі.»;
128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«128. Әуе кемелерінің ұшуын, танысып, бақылап, апарып ұшуын орындауға:
1) 2-сыныптан төмен емес сыныптық біліктілігі бар экипаж командирлеріне;
2) ұшқыш әскери оқу орындарының курсанттарын (тыңдаушыларын) қоспағанда,курстарды даярлаудың тиісті түрі бойынша ұшуда үзіліссіз және ұшу техникасында (әуе навигациясы, жауынгерлік қолдану) тұрақты дағдылары бар ұшу құрамына ұшқыш құрамы және ҰАҰ операторлары рұқсат етіледі.»;
мынадай мазмұндағы 128-1-тармақпен толықтырылсын:
«128-1. Ұшқыш әскери оқу орындарының курсанттарын (тыңдаушыларын) қоспағанда, ұшқыш құрамын көрнекі ұшуға жіберу оны тиісті бағдарлама бойынша даярлағаннан кейін тікелей көрнекі ұшу алдында Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органы басшысының (Әскери-әуе күштері қолбасшысының) бұйрығымен жүргізіледі.»;
129-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«129. Ұшқыш құрамын жаңа авиациялық техникада ұшуға және Курстарда көзделмеген ұшуға жіберу бөлім командирінің (ведомство басшысының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органы басшысының, Әскери-әуе күштері қолбасшысының) бұйрығымен ресімделеді.»;
131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«131. Мемлекеттік авиация басқару органдарының (Әскери-әуе күштері қолбасшысы басқармасының) және мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі органның ұшқыш-инспекторлары (инспектор-ұшқыштары), штурман-инспекторлары (инспектор-штурмандары) ұшуға жеке өзі тексерген ұшқыш құрамына рұқсат береді.»;
143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«143. Ұшқыш құрамының білімін тексеруді бөлім командирі (Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органының басшысы, сондай-ақ ведомство басшысы айқындайтын тәртіппен) тағайындаған комиссия жүргізеді. Одан басқа, ұшқыш құрамының білімін тексеруді олардың тікелей және тура бастықтарының жүргізуіне жол беріледі.»;
147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«147. Нұсқаушы ретінде ұшуды орындау тиісті метеорологиялық жағдайларда және ұшу түрлері бойынша ұшу құрамына ұшудағы үзілісті белгіленген үзіліс шамасына ұзартады, бірақ жаттығып ұшу күнінен 1,5 реттен астам емес, ал нұсқаушының нұсқаушылық орындықтан дербес тапсырманы орындау – 2 реттен астам емес.
Авиациялық бөлімнің командиріне ай сайын перде жабық күйде қону жүйелерін қолдана отырып, қонуға беттеумен кемінде үш рет ұшуды орындайтын (пердемен жабдықталмаған әуе кемелерінде күрделі метеорологиялық жағдайларда қонуға беттеуді және қонуды елестету мүмкіндігі бар авиациялық тренажерда айына кемінде бес рет «ұшуды» орындау кезінде) ұшқыштарға күрделі метеорологиялық жағдайларда жаттығып ұшудағы барынша үзілісті 2 реттен аспайтындай етіп ұзартуға жол беріледі. Бұл ретте «Glasscockpit» кабинасы бар әуе кемелері үшін ұшуды тренажерда орындау жылына кемінде 1 рет ұшқыш құрамының тиісті сертификат (есеп беру құжаттары) алуымен ұшу кезінде ерекше жағдайлар туындаған кездегі және КМЖ-да және ҚМЖ-да ұшу кезінде әрекет ету жөніндегі кезеңдік даярлық (біліктілікті арттыру) жоспарлары бойынша тренаждық даярлықты пысықтаумен жүргізіледі.
Күрделі метеорологиялық жағдайларда ұшуда үзілістері болмаған ӘКК-ға ауа райы минимумы кезінде жаттықтыру ұшуындағы үзілісті 2 реттен асырмай, олар ай сайын Курстарда айқындалған перделерді пайдаланумен және оны барынша төмен биіктікте ашумен әуе кемелеріндегі қону жүйелерін қолдана отырып, қонуға кемінде үш рет қонуға беттеуді орынған кезде (перделермен жабдықталмаған әуе кемелерінде ай сайын күрделі метерологиялық жағдайларда қонуға беттеуді және қонуды елестетуге мүмкіндік беретін авиациялық тренажерларда кемінде бес рет «ұшуды» орындаған кезде) үзілісті арттыруға жол беріледі.»;
154 және 155-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«154. Ұшып өтуді (жолаушылар мен жүктерді жеткізуді) орындайтын көлік ұшақтарының экипаждарына бастапқы уақыт 14 сағаттан аспайтын кезде тәулігіне 12 сағаттан аспайтын жалпы ұшудың болуына жол беріледі.
Көрсетілген ұшуды және бастапқы уақытты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік авиациясын басқару органы басшысының (Әскери-әуе күштері қолбасшысының) арнайы ұшу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуді немесе жауынгерлік міндеттерді орындауға байланысты ұшуды орындаған жағдайда – 4 сағаттан аспайтын уақытқа, экипаж құрамында ұшуды жүзеге асыратын көлік ұшағы, мамандардың екінші жиынтығы (ұшқыш, штурман және борттық техник (инженер) болған
жағдайда – екеуден аспайтын уақытқа ұлғайтуға жол беріледі.
Көрсетілген ұшуды және бастапқы уақытты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік авиациясын басқару органы басшысының (Әскери-әуе күштері қолбасшысының) арнайы ұшуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге байланысты ұшуды орындаған жағдайда – 2 сағаттан аспайтын уақытқа ұлғайтуға жол беріледі.
Барлық жағдайларда бастапқы уақыт ішіндегі алаңға қонудың жалпы саны 12-ден аспауға тиіс.»;
157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«157. Ұзақтығы 12 сағаттан астам немесе әрбір ұзақтығы 6 сағаттан астам ұшудың екі кезеңінен астам ұзақ қонбай ұшуды орындайтын экипаждарға кемінде 10 сағат ұшу алдында демалыс беріледі. Ұшу аяқталғаннан кейін сонымен қатар ұшудан кейін демалыс беріледі:
мынадай мазмұндағы 157-1-тармақпен толықтырылсын:
«157-1. Жалпы ұшу 4 сағат және одан да көп көп ұшу тапсырмасын орындаған немесе ұшудың 3 және одан да көп кезеңін орындаған экипаждарға кемінде 12 сағат ұшудан кейін демалыс беріледі.»;
160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«160. Ұшқыш әскери оқу орындарының курсанттарын (тыңдаушыларын) қоспағанда, 12 айдан астам уақыт жыл сайынғы демалысын пайдаланбаған ұшқыш құрамы және ҰАҰ операторлары ұшудан шеттетіледі. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес ұшқыш жұмысындағы әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысына қосымша 10 тәулік демалыс беріледі. Қосымша демалыс негізгі демалыстан шығу күнінен 12 ай өткен соң берілген жағдайда ұшуға рұқсат 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.»;
171 және 172-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«171. Әзірленген жоспарлы кестені мыналар талдайды және қол қояды:
ұшу ауысымының негізгі тапсырмалары жоспарланған жаттығуға және экипаждардың даярлық деңгейіне сәйкестігін (күтілетін метеорологиялық жағдайларды ескере отырып);
ұшқыш құрамының жаттыққандығын қолдауды;
ұшу дайындығы түрлері бойынша тексерулерді орындауды;
Курстар міндеттерінен (жаттығуларынан) өту жүйелілігін сақтауды;
эскадрильялар арасындағы нұсқаушыларды бөлу онтайлылығын және ұшу ауысымын үйрету міндеттеріне даярлау деңгейіне сәйкес келуін;
экипаждарды ұшудағы үзілістерден кейін дұрыс қатарға қосуды немесе жол берілген авиациялық инциденттерді;
жоспарланған дербес (жаттығу) ұшуының Курстарға сәйкес келуін;
эскадрильялар арасындағы оқу-жауынгерлік ӘК-ны бөлуді және олардың ұшу ауысымындағы жүктемесін;
ұшу саны бойынша ұшу дайындығы жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының және экипажға ұшу ауысымындағы ұшу санының сақталуын;
ұшу кезеңінің әр түрлерінде әуе кемелері арасындағы қауіпсіз уақытша аралықтың сақталуын;
объективті бақылау материалдарын ұшуаралығын талдау жоспарының дұрыстығын;
құрамның толықтығын және ұшуға басшылық жасау тобының тағайындалу және ұшуды қамтамасыз ету заңдылығын;
олардың даярлық деңгейін және радиолокациялық станциялардың мүмкіндігін ескере отырып, ұшуға басшылық жасау тобына жол берілген жүктемені;
ұшу ауданындағы шектеулерді сақтауды;
ұшуды және байланысты әуеайлақтық-техникалық, метеорологиялық, медициналық, іздестіру-құтқару, радиотехникалық қамтамасыз ету мүмкіндігін;
ӘК-ның типтері мен борттық нөмірлерінің, сондай-ақ олардың санының авиациялық бөлімде бар ақаусыз әуе кемелерінің сәйкес келуін;
ӘК-ны қайталап ұшды орындауға дайындау үшін қажетті уақытша аралықтарды сақталуын;
жедел обьективті бақылауға жататын ұшудың бар болуын;
жоспарланған жаттығулардың ӘК-ны ұшуға пайдаланудағы шектеулерге сәйкес келуін;
авиациялық зақымдану құралдарының сәйкес келуін;
орналасу әуеайлағы ауданында, полигондарда (десант түсіру алаңына) табиғи жарықтандыруды және ұшуға тапсырмаларды орындауға оның ықпал етуін;
ұшу маршрутын және бейінін;
ұшып көтерілуден бастап қонғанға дейін ұшу тапсырмаларын орындау кезектілігін;
жауынгерлік жаттығуды, полигондарды (десант түсіру алаңын);
ӘК-ны белгіленген әуе және жерүсті (теңіз) нысаналарына бағыттау тәсілдерін, оқ ату және тактикалық полигондарда ұшуға басшылық жасау ерекшелігін;
жоспарланған жаттығулардың экипаждардың даярлық деңгейіне сәйкес келуі;
ӘК экипаждарына жүктеме шектеулерінің сақталуы;
ұшып көтерілуде, қонуда, маршруттарда, аймақтарда экипаждар арасында талап етілетін уақытша аралықты сақтау;
ауа райын толық барлау ӘК экипаждарының бар болуы:
қажетті іздестіру-құтқару күштерімен қамтамасыз ету;
жоспарланған ұшу жүктемесіне ұшқыш құрамының және ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының денсаулық жағдайы мен дене бітімі төзімділігінің сәйкес келуін;
ұшуаралық және ұшудан кейінгі қарап тексерілуге тиіс адамдарды;
ұшқыш құрам және ұшуға басшылық жасау тобы демалыс режимінің осы Қағидаларға 157, 159, 160, 464 – 466-тармақтарының талаптарына сәйкес келуін.
Авиациялық бөлімнің командирі жоспарлы кестені талдай отырып, негізгі назарды ұшудың негізгі міндеттері орындауға, үйрету жүйелігін сақтауға және жоғалтылған дағдыларды қалпына келтіруге және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударады. Жоспарлы кестелерді талдау нәтижелері бойынша авиациялық бөлімнің командирі ұшуға қабылданған шешімге оның сәйкес келуі туралы қорытынды жасайды.
Ұшуға міндеттер қою алдында жоспарлы ұшу кестесіне авиациялық авиациялық бөлім командирінің ұшу даярлығы жөніндегі орынбасары, авиациялық бөлім командирінің ұшу қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары, авиациялық бөлім командирінің инженерлік-авиациялық қызмет жөніндегі орынбасары, авиациялық бөлімнің аға штурманы, әскери-медициналық қызметтің бастығы және авиациялық бөлімнің штаб бастығы қол қояды.
Ұшқыш құрамының ұшуға даярлығына бақылау жүргізгеннен кейін жоспарлы ұшу кестесін авиациялық бөлімнің командирі бекітеді және ол авиациялық бөлімнің елтаңбалы мөрімен бекітіледі.»;
174-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«174. Әуеайлақтағы ұшу жетекшісінің көмекшісіне, ұшу (жақын аймақ) жетекшісіне, ұшу (қону аймағы) жетекшісіне, ұшу (қашықтағы аймақ) жетекшісіне (офицерге (жауынгерлік басқару жөніндегі), әуеайлақ аймағындағы ұшу жетекшісіне, авиациялық эскадрилья командирлерінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарларына жоспарлы кестелердің көшірмелері, ал ұшу жетекшісі үшін полигонда (нысананы тағайындау алаңында, әуеден оқ ату аймағында), объективті бақылау тобының бастығына және ұшудың аға инженеріне авиациялық бөлімнің елтаңбалы мөрімен бекітілген жоспарлы кестелердің көшірмелері дайындалады.»;
178-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«178. Ұшуға жалпы даярлық – бұл алдағы айдың ұшу даярлығы міндеттерін сапалы шешу үшін ұшқыштардың, штурмандардың және ҰБТ құрамының теориялық білімі мен тәжірибелк дағдыларын жоғары деңгейде ұстау мақсатында командир, штаб және басшы ұшқыш құрамы жүргізетін іс-шаралар.
Жалпы даярлауды оқу жылына арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес авиациялық бөлімнің штаб бастығы, мемлекеттік авиация басқару органы басшысының орынбасары (Әскери-әуе күштері қолбасшысының басқармасы) ұйымдастырады және әрбір айдың соңында 3 жұмыс күні ішінде бөлімшелер командирлерінің, құрылымдық бөлімшелер бастықтарының басшылық етуімен өткізіледі.»;
184-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«184. Арнайы тапсырмаға ұшуға (арнайы ұшуға) ӘК экипаждарына міндеттерді, даярлық мазмұны мен ауқымын бөлім командирі немесе авиациялық бөлімнің басшы ұшқыш құрамы қатарынан тағайындалған адам қояды. ӘК экипаждарына міндеттер қажетті лауазымды адамдарды тарта отырып қойылады, дыбыстық жазба техникалық құралдарын пайдаланумен құжаттандырылады және тіркеледі.
Топ құрамында ұшу тапсырмасын орындау кезінде бөлім командирі топ жетекшісі болып тағайындалады.
ӘКК (топ үлкені) әзірлікке бақылау жүргізілгеннен кейін бөлім командиріне экипаждың (топтың) арнайы тапсырманы (арнайы ұшуды) орындауға әзірлігі туралы баяндайды.»;
191-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«191. Экипаждар өз бөлімінен қол үздіріп, ұшуды орындау кезінде осындай ұшуды орындау міндеттерін оларға осы экипаждарды іссапарға жіберетін авиациялық бөлім командирі қояды. Қойылған міндеттерге сәйкес іссапарға жіберілетін ӘК экипаждарын даярлауды олардың тікелей бастықтары ұйымдастырады және жүргізеді.
Жоспарлы ұшуды өз бөлігінен қол үздіріп орындау кезінде ұшқышта (штурманда) өзімен бірге тиісті айға арналған ұшу даярлығының жоспар-кестесінен куәландырылған көшірме, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуларын медициналық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес берілген дәрігерлік-ұшқыш комиссиясынан өткені туралы куәлігі болады.»;
199 және 200-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«199. Ұшуалды медициналық бақылауды авиациялық бөлім әскери-медицина қызметінің бастығы командирдің шешіміне сәйкес ұйымдастырады және кезекші дәрігер (медицица қызметкері) жүргізеді. Ұшуалды медициналық бақылаудан ӘК экипажының барлық мүшелері, ұшуға басшылық жасау тобының адамдары, сондай-ақ инженерлік-техникалық құрам және ұшуды қамтамасыз етуге қатысатын жеке құрам дербес өтеді, қарап-тексеру уақытында басқа адамдардың қатысуына жол берілмейді. ӘК экипажының әрбір мүшесі өзін нашар сезінген жағдайда ол туралы өзінің тікелей бастығына және ұшуалды медициналық тексеруді жүзеге асыратын кезекші дәрігерге (медицина қызметкеріне) баяндайды.
Медициналық персонал жоқ тұрақты орналасу орындарынан қол үздіріп ұшу тапсырмаларын орындау кезінде экипажды ұшу алдындағы медициналық бақылауды ӘКК көзбен шолып қарап-тексеру және сұрап тексеру әдісімен жүргізеді, кейіннен авиациялық бөлім командиріне баяндайды.
әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету бойынша әуеайлақтың ұшуға дайындығы туралы;
байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бойынша байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының ұшуға дайындығы, оларды объективті бақылау және электрмен қоректендірудің резервтік көздері туралы;
203-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«203. Ұшуалды нұсқауларда мыналар ауызша баяндалады:
1) авиациялық бөлім командирі (ұшу ауысымы жетекшісі) – ұшу нұсқалары, ұшудың басталуы мен аяқталуы, ұшып шығу мен қону курсы, жоспарлы кестедегі өзгерістер, қалыптасқан ахуал шарттарында ұшуды жүргізу тәсілдері;
2) авиациялық бөлімнің аға штурманы – әуе, жерүсті (теңіз) және ұшу ауданындағы (маршруттар бойынша) навигациялық жағдайлар, навигациялық есептеудің негізгі деректері, өту биіктігі мен деңгейі, қосалқы әуеайлақтарға ұшу үшін отынның ең аз қалдығы, навигациялық және жауынгерлік пайдалану элементтерін жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары, нақты уақытты есептей отырып, ұшатын топтардың немесе жеке ӘК ұшып келу (кету) уақыты, басқа ӘК-ның ұшу аймағы арқылы ұшу уақыты мен деңгейі;
3) байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету бастығы – байланыс құралдарын пайдалану және өзінің және қосалқы әуеайлақтардың ұшуын радиотехникалық қамтамасыз ету ерекшеліктері, басқару пунктерінің шақыру белгілері мен деректері, байланыс құралдары және ұшуды басқару құралдары және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету, радиобайланыс жүргізу тәсілдері, басқару арналары, тану жүйелерінің деректері (пароль сандары мен сигналдар);
4) ұшу жетекшісі – ұшу-қону жолағының, басқару жолдарының, әуе кемелері тұрағы орындарының жай-күйін, ұшып шығу және қону курсын, қозғалтқыштарды іске қосу жүйлігін, басқару, әуеайлақтан ұшып шығу, одан кету және шығу, қонуға беттеу және қону жағдайын, жүйе бойынша, маршрут бойынша аймақтарда ұшу биіктігін, басқаруды тарату шептерін, істен шыққан радиобайланыс құралдары бар ӘК-ның әуеайлаққа шығуға арналған эшелоны (биіктігі), қосалқы әуеайлақтарға кету эшелонын, ұшуды басқару ерекшеліктері, ұшуда ерекше жағдайлардағы іс-қимылдар, радиоалмасу жүргізу тәртібі.»;
217-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«217. Ұшу тапсырмасы өзгерген кезде мемлекеттік авиацияның аралық қону әуеайлағында ӘКК (топ жетекшісі) ӘК экипажын қажетті қосымша ұшуға даярлауды және ұшып өтуді қамтамасыз ететін авиациялық бөлімнің аға штурманын және байланыс бастығын әзірлік бақылауынан өтуді ұйымдастырады. Бақылау нәтижелері осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес ұшып өту әзірлігін бақылау парағына енгізіледі, ол ӘК экипажына беріледі. Сол парақта ӘК-ның ұшып шығуға әзірлігі туралы белгі қойылады, оны ӘК-ны ұшуға дайындауды ұйымдастырған не (немесе) орындаған мынадай лауазымды адам жасайды:
1) егер авиациялық бөлімде ұшып өтетін бір түрлі ӘК пайдаланылса, бөлім командирінің инженерлік-авиациялық қызмет жөніндегі орынбасары;
2) ұшып өтетін ӘК бірге ұшатын инженерлік-техникалық құрам тобының жетекшісі;
3) егер бірге ұшатын топ болмаса, ал аралық қону әуеайлағында ӘК-ның осы түріндегіге қызмет көрсетуге даярланған мамандар болмаған және экипаждардың оларды ұшуға өздері дайындағанда ӘК тобының жетекшісі (дара экипаж командирі);
4) ұшып өтетін ӘК экипажы құрамында болған кезде борт инженер (борт техник).
Ұшу тапсырмасы өзгерген кезде азаматтық авиацияға тиесілі аралық қону әуеайлағында ӘК экипажын ұшуға қажетті қосымша даярлауды және әзірлікті бақылауды ӘКК (топ жетекшісі) жүргізеді. Бұл жағдайда ӘК-ның ұшуға дайындығы туралы белгі ӘК-ны дайындау журналына қойылады.»;
235-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«235. Ауа райын барлау плюс 37° және одан төмен температура кезінде, ол тұрақты үрдіс жағдайында төмендету кезінде жүргізіледі. Қосалқы әуеайлақ ретінде плюс 40°С температурамен әуеайлақты пайдалануға жол беріледі.
Авиациялық бөлім командирінің (ұшу ауысымы үлкенінінің) шешімімен сыртқы ауа температурасы плюс 30 °С және одан жоғары (минус 30°С және одан төмен) болған кезде ұшу әртүрлі метеорологиялық элементтерді (температура, жел, ылғалдылық, қысым, жел-суық эквиваленті) ескере отырып, жеке құрамның жұмыс қабілетіне және ӘҚ жұмысына ықпал ету жиынтығына және дәрежесіне (бастапқы уақыт, ӘК саны, ұшу тапсырмаларын орындауды жеңілдету) байланысты шектеледі.
Егер ұшу басталарда, кезеңінде ауа температурасы плюс 30°С жетсе, бірақ ұшудың бір сағаты ішінде температураның плюс 30°С төмендеуіне үрдіс болса, онда ұшу ауысымының ұзақтығы шектелмейді.
Ұшып өтуді қоспағанда, ұшудың барлық түрлері плюс 38°С және одан жоғары температурада тоқтатылады. Майдандық авиация ұшақтары үшін оқу-жаттықтыру ұшуы плюс 35°С және одан жоғары ауа температурасы кезінде тоқтатылады.
Сыртқы ауа температурасы плюс 38°С және одан жоғары болған кезде ұшу ӘК түрлері бойынша пайдалану жөніндегі басшылықтарда (нұсқаулықтарда) жазылған шектеулерге сәйкес ұшуды (қонуды) қауіпсіз орындау мүмкіндігін бағалағаннан кейін мемлекеттік авиация басқару органының (ӘӘК қолбасшысының) рұқсатымен тек әскери-көлік авиациясының тікұшақтары мен ұшақтарында орындалады.»;
245-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«245. Ұшуды орындау кезінде ӘК бортында:
257-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«257. Бір әуеайлақтан әртүрлі үлгідегі ӘК-ның бір уақытта ұшуын жүргізу тәсілі әуеайлақтың аэронавигациялық паспортымен айқындалады. Мемлекеттік авиация әртүрлі басқару органдары ӘК-ның бірлескен ұшуын жүргізу кезінде жеке ӘК-ны қабылдау және шығару кезінде әуеайлақта ӘК экипаждарын басқару бірыңғай басқару арналарында жүзеге асырылады.
Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) аэронавигациялық паспорты әрбір әуеайлақ (тікұшақ айлағы) үшін ұшуды ұйымдастыру мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді.
Аэронавигациялық паспортты әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы әзірлейді. Әуеайлақта (тікұшақ айлағында) бірнеше пайдаланушы болған кезде аэронавигациялық паспортты мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық бөлігі әзірлейді.
Барлық аэронавигациялық ақпарат аэронавигациялық паспорттың тиісті тарауларында жазылатын кестелер, графиктер, суреттер, карта-схемалар және мәтіндік сипаттама түрінде ұсынылады. Әрбір тараудың соңында аэронавигациялық ақпараттың дұрыстығын растайтын құжаттар көрсетіледі. Аэронавигациялық паспортқа бекітілген әуеайлақ карталары мен схемалары енгізіледі.
Әуеайлақты пайдаланушылар аэронавигациялық паспортқа мәліметтерді осы әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) қолданылатын дәрежеде енгізеді.
Аэронавигациялық паспорттағы мәліметтердің дұрыстығын қолдау мақсатында әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушылар өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Пайдаланушылар аэронавигациялық паспортқа енгізілетін өзгерістер немесе толықтырулар туралы әуеайлақтың аға авиациялық бастығын және өз жауапкершілігі аймағында ӘК қозғалысын басқаруды жүзеге асыратын әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органдарын хабардар етеді.»;
292-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«292. ӘКК ретінде әуеде ауа райын барлауды орындауға арнайы даярлықтан өткен және ауа райына барлау жүргізуге авиациялық бөлім командирінің бұйрығымен жіберілген атқаратын лаузымы бойынша бөлімше командирінің (бастықтың) орынбасары лауазымынан төмен емес, ал экипаж құрамында – буын (жасақ) командирінен төмен емес ұшқыштар жіберіледі. Экипаж құрамында қашықтықтан әрекет ететін жойғыштар үшін – сонымен қатар арнайы даярлықтан өткен және ауа райына барлау жүргізуге бөлім командирінің бұйрығымен жіберілген авиациялық эскадрилья штурманынан төмен емес штурмандар.
Ауа райына толық барлауды орындау кезінде ӘКК ретінде лауазымы бойынша буын (жасақ) командирінен төмен емес ұшқыштар жіберіледі.
Ауа райын әуеде барлауды жоспарлауға метеорологиялық жағдайларда ауа райын әуеде барлау уақытына болжанған ұшуға дайындалмаған ӘК командирі мен экипаж мүшелеріне жол берілмейді.
Авиациялық бөлімде ауа райын әуеден барлау уақытында болжанатын метеорологиялық жағдайларда ұшуға дайындалған экипаждар болмаған кезде ауа райын әуеден барлауды ұшуға рұқсаты бар экипаждарға тиісті метеорологиялық жағдайларда орындауға рұқсат етіледі және өткен айда перде астындағы қону жүйелерін қолдана отырып, қонуға беттей отырып, кемінде үш ұшуды орындаған жағдайда жүргізіледі.»;
306-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«306. Баяндауды тыңдағаннан кейін авиациялық бөлім командирі (ұшу ауысымының жетекшісі) ұшу ауысымының алдын ала қорытындыларын шығарады:
Авиациялық бөлім командирінің (ұшу ауысымы жетекшісінің) барлық ескертулері, сондай-ақ ұшуды радиотехникалық, метеорологиялық, әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету сапасын бағалау әуеайлақтағы ұшу жетекшісінің, полигондағы ұшу жетекшісінің журналдарына енгізіледі.
Ұшуды қамтамасыз ету сапасы үшін бағаларды олардың төмендеуіне себеп болған кемшіліктерді көрсетпей төмендетуге жол берілмейді.
Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын ұшу алдында аралап ұшу уақытында анықталған және ұшу басталғануға дейін жойылған кемшіліктер үшін байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімшесіне баға төмендетілмейді.»;
364-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«364. Ұшып өтудің барлық кезеңдерінде ұшуға әзірлігі туралы шешімді ӘК-ның және экипаждардың ұшуға әзірлігін тексергеннен және ұшу, қону әуеайлақтарында және ұшу бағыты бойынша нақты және күтілетін метеорологиялық жағдайларды нақтылағаннан кейін топ жетекшісі (жеке ӘК командирі) қабылдайды.
Топ жетекшісі (жеке экипаж командирі) жоғары тұрған бастықпен келісу бойынша ұшу әуеайлағының аға авиациялық бастығынан ұшуға рұқсат алады.
Ұшу әуеайлағында (алаңда) аға авиациялық бастық болмаған кезде ұшуға рұқсатты топтың аға жетекшісі (жеке экипаж командирі) жоғары тұрған бастықпен келісу бойынша ұшуды ұйымдастыратын авиациялық бөлім командирінен алады.
Ұшып шығу (қону) пунктінде байланыс болмаған жағдайда ұшу туралы шешімді топ жетекшісі (жеке экипаж командирі) байланыс қалпына келтірілген кезде ӘҚБ (ӘҚҚ) органына кейіннен баяндаумен дербес қабылдайды.
Ұшу парағында ұшу уақытын, қону әуеайлағын, ұшу эшелонын, ұшу шарттарын беру уақыты мен күнін көрсете отырып, әуе кеңістігін пайдалануға рұқсатты топ жетекшісі (жеке экипаж командирі) ұшу әуеайлағының авиациялық диспетчерінен алады.»;
398, 399 және 400-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«398. Ықпал ету нәтижесінде ұшу қауіпсіздігіне төнетін қатерді арттыратын жағдайлар қолайсыз деп саналады.
Оларға:
мынадай мазмұндағы 400-1, 400-2, 400-3, 400-4, 400-5, 400-6, 400-7, 400-8, 400-9 және 400-10-тармақтармен толықтырылсын:
«400-1. ӘК найзағай (күшті нөсерлі жауын-шашын) болатын аймаққа борттық радиолокациялық станция (бұдан әрі – РЛС) (ол болған кезде) көмегімен жақындаған кезде күшті-шоғырлы, шоғырланған жаңбырлы бұлтты және күшті нөсерлі жауын-шашын аймақтарын айналып өту мүмкіндігін бағалайды, өз әрекет етуін ӘҚБ органымен келісумен аймақты айналып өтуге және ұшуды жалғастыру мүмкіндігіне шешім қабылдайды.
ӘҚБ (ӘҚҚ) органы радиотехникалық құралдарды, әуедегі әуе кемелерінен хабарламаларды және басқа да метеорологиялық ақпарат көздерін пайдалана отырып, экипаждарды бұлттылық сипаты, найзағай ошақтарының түзілуі, олардың жылжу бағыты туралы хабардар етеді және ауа райының қауіпті құбылыстары бар аймақтарды айналып өту маршруты туралы ӘКК-ге ұсынымдар береді.
400-2. Ұшуда найзағай ошақтарына жанасатын күшті-шоғырлы және шоғырланған жаңбырлы бұлттар көрнекі анықталған кезде оларды кемінде
10 км қашықтықта айналып өтуге жол беріледі. Егер олардың арасындағы қашықтық кемінде 30 км болса, екі шоғырланған жаңбырлы бұлттар арасындағы аралықта ұшып өтуге жол беріледі. Көрсетілген бұлттарды берілген биіктікте айналып өту мүмкін болмаған кезде бұлттар астында немесе одан жоғары көрнекі ұшуға жол беріледі.
ШҰР бойынша күшті-шоғырлы және шоғырланған жаңбырлы бұлттар астынан ұшуға тек күндіз жазықты жерлерде, нөсерлі жауын-шашын аймағынан тыс жерлерде жол беріледі:
ӘК-ның жергілікті жер бедерінен және жасанды кедергілерден ұшу биіктігі шынайы қауіпсіз биіктіктен төмен емес, бірақ барлық жағдайларда кемінде 200 м;
ӘК-дан бұлттардың төменгі шегіне дейінгі тік қашықтық кемінде 200 м.
Күшті-шоғырлы және шоғырланған жаңбырлы бұлттардың жоғарғы шегінің үстінен ұшуды олардың үстінен 500 м төмен емес биіктікте орындауға жол беріледі.
400-3. Ұшуда борттық РЛС-пен күшті-шоғырлы және шоғырланған жаңбырлы бұлттарды анықталған кезде осы бұлттарды жарықтың жақын шегінен кемінде 15 км қашықтықта айналып өтуге жол беріледі. Жеке найзағай ошақтары бар жаппай бұлттылықты қиып өту борттық РЛС экранындағы жарық шектері арасындағы қашықтық кемінде 50 км болатын жерде жүргізіледі.
ӘК экипаждарына күшті-шоғырлы, шоғырланған жаңбырлы бұлттарға және қатты нөсерлі жауын-шашын аймақтарына әдейі кіруге жол берілмейді.
400-4. Турбуленттілік (шайқалу) болуы ықтимал аймаққа кірер алдында экипаж мүшелері мен жолаушылар креслолардағы байлау белдіктерін тағуға тиіс.
ӘК әуе турбуленттілігі (шайқалу) аймағына түскен кезде ӘКК ҰПН-да ұсынылған ұшу жылдамдығын белгілейді, қажет болған кезде ӘҚБ органының рұқсатымен қауіпті аймақтан шұғыл шығуға шаралар қабылдайды, ұшу эшелонын (биіктігін) өзгертеді.
400-5. Таулы жергілікті жерде 900 м төмен биіктікте ШҰР бойынша ұшу және ӘК турбуленттік (шайқалу) аймағына түскен кезде ӘКК ӘҚБ органының рұқсатымен ӘК-ны осы аймақтан биіктік алумен шығарады, ұшып шығу әуеайлағына (алаңына) қайтарылады немесе қосалқы әуеайлаққа барады.
ӘК ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін турбуленттік (шайқалу) аймағына түскен кезде ӘКК ӘҚБ органына баяндай отырып, ұшу эшелонын (биіктігін) өзгертуге жол беріледі.
Экипаж бұлттармен байланысты емес және көрнекі анықталатын тік құйынды айналып өтеді. Экипаж көрнекі анықталатын шоғырланған жаңбырлы бұлттармен байланысты тік құйынды (құйынды) олардың көрінетін бүйірлік шекарасынан кемінде 30 км қашықтықта айналып өтеді.
400-6. Атмосфераның жоғары электрлік белсенділігі жағдайларында ұшу ерекшеліктері:
құлаққаптардағы шу мен сатыр-сұтыр;
радиокомпас бағыттамасының ретсіз тербелісі;
тәуліктің қараңғы уақытында экипаж кабинасы шынысының ұшқындауы және қанат ұштарының жарқылдауы болып табылады.
Электрленудің пайда болуы бұлт қабатында температура аралығы +5-тен -10°С дейін болуы анағұрлым ықтимал.
ӘКК күшті электрлену белгілері пайда болған кезде ол туралы ӘҚБ органына баяндайды және оның қауіпті аймақтан шығу бойынша командаларын орындайды. Бұл ретте экипаж командалық радиостанцияны (ӘК бортында бірнеше радиостанция болған кезде) сөндіру қажет. Түнде (шағылысқан кезде) экипаж кабинаға жарық түсіру дәрежесін арттырады.
400-7. Жоғары электрлену аймақтарында ұшу биігін өзгерту ӘК-ны пайдалану шектеулерін асырмай, ұшудың жоғары тік және азайтылған үдемелі жылдамдығымен орындау қажет.
Бұлт қабатынан шыққаннан кейін (басқа қабатқа кіргенге дейін) ұзақтығы 5-10 секунд көлденең алаң жасау керек.
ӘК атмосфералық электр разрядымен зақымданған жағдайда экипажға:
ӘҚБ (ӘҚҚ) органына осы факті, метеожағдай, разрядпен ӘК-ның зақымдалған орны және биіктігі туралы баяндау;
қозғалтқыштардың жұмыс параметрлерін бақылау;
электр жабдығы мен пилотаждық-навигациялық жабдық жұмысын тексеру;
зақымдануды анықтау мақсатында ӘК-ны тексеру;
істен шығу мен ақаулық анықталған кезде ҰПН-ға сәйкес әрекет ету қажет.
400-8. Желдің ауысу жағдайларында ұшып шығу және қонуға беттеу кезінде:
ҰПН талаптарына сәйкес есептік жылдамдықты арттыру;
үдемелі және тік жылдамдықтың өзгеруіне жоғары бақылауды жүзеге асыру және есептік параметрлерден және ұшудың берілген траекториясынан туындайтын ауытқуды дереу амалдау;
егер берілген глиссаданы ұстап тұру үшін төмендеу талап етілсе, қонуға беттеу кезінде ұшып көтерілу режимін пайдаланумен екінші айналымға дереу кету және қосалқы әуеайлаққа беттеу;
қозғалтқыштардың жұмыс режимін номиналға дейін және (немесе) ҚЖРМ-дан ұшып өткеннен кейін төмендеудің тік жылдамдығы есептіден секундына 3 м/с және одан астамға ұлғайту қажет.
400-9. Мұз қату болжанған кезде мұз қатуға қарсы жүйемен жарақтандырылмаған ӘК-да ұшуды орындауға жол берілмейді.
ӘК-ға жерде мұз қатқан жағдайда мұз қатуды жою бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін оған ұшуға рұқсат етіледі.
Барлық ұшу кезеңдерінде мұз қатуға қарсы жүйе, егер ҰПН жүйені пайдаланудың басқа тәртібін көздемесе, мұз қатуы мүмкін аймаққа кіргенге дейін қосылады.
400-10. Егер экипаж мұз қатуға қарсы күрес бойынша қабылдаған шаралар тиімсіз болса және осы жағдайларда ұшуды қауіпсіз жалғастыру қамтамасыз етілмесе, ӘКК ӘҚБ органымен келісу бойынша ұшуды қауіпсіз жалғастыру мүмкін болатын ауданға шығару үшін ұшу биіктігін (бағытын) өзгертеді немесе қосалқы әуеайлаққа беттеу немесе әуеден таңдап алынған алаңға қондыру туралы шешім қабылдайды.»;
407 және 408-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«407. Штаттық ұшу немесе ӘКК басшылары ұшу жетекшісінің көмекшілері болып тағайындалады.
Ұшу жетекшісінің көмекшісіне:
419-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«419. ӘК-ны қабылдау және шығару жөніндегі кезекші кемінде екі жыл ұшу жұмыс өтілі бар ӘКК және штурмандар қатарынан тағайындалады. ӘК-ны қабылдау және шығару жөніндегі кезекші қысқартылған ұшуға басшылық ету тобының және ұшуды қамтамасыз ету тобының бастығы болып табылады және әуеайлақтың аға авиациялық бастығына бағынады.»;
мынадай мазмұндағы 454-1 тармақпен толықтырылсын:
«454-1. Ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының білімін тексеруді бөлім командирі (Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органының басшысы) тағайындаған комиссия жүргізеді. Одан басқа, ұшқыш құрамының білімін тексеруді олардың тікелей және тікелей бастықтарына жүргізуге жол беріледі.»;
466-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«466. Ұшуға басшылық жасау тобының құрамына кіретін, 12 ай ішінде жыл сайынғы демалысты пайдаланбаған адамдарға демалыс беріледі немесе олар ұшуға басшылық жасаудан шеттетілуі жатады.»;
474-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«474. Қарапайым метеорологиялық жағдайларда көлік, жауынгерлік және оқу-жауынгерлік ұшақтардың қатысуынсыз ұшуды орындау кезінде әуеайлақ ауданында тікұшақтардың ұшуына басшылық жасауды құрамында мыналар бар ұшуға басшылық жасау тобы жүзеге асырады:
2) ұшу (қону аймағы) жетекшісі. Қажет болған кезде авиациялық бөлім командирінің шешімімен тағайындалады;
3) ұшу жетекшісінің көмекшісі;
4) кезекші штурман. Маршруттық ұшуды орындау кезінде және қажет болған кезде авиациялық бөлім командирінің шешімімен тағайындалады;
5) әуеайлақ аймағындағы, қону алаңындағы (нысаналы мақсаттағы) ұшу жетекшісі. Қажет болған кезде авиациялық бөлім командирінің шешімімен тағайындалады.
Бұл ретте жауапкершілік аймақтары мынадай болып бөлінеді:
528 және 529-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 547-1-тармақпен толықтырылсын:
«547-1. ӘК ұшуын қамтамасыз ету кезінде Әуе қорғанысы күштері Бас командалық пунктінің (бұдан әрі – ӘҚК БКП) метеоорталығы мемлекеттік авиация басқару органдарының командалық пункттеріне, ӘҚБ органдарына және ӘК командирлеріне (олардың сұрауы бойынша) әуеайлақтарда (қону алаңдарында) нақты және күтілетін метеорологиялық жағдайлар және ӘК-ның ұшу маршруттары туралы деректер береді.
Ауа райының қауіпті құбылыстары пайда болған, ӘК ұшу маршруттарында және олардың қону әуеайлақтарында (қону алаңдарында) нақты және күтілетін метеорологиялық жағдайлар нашарлаған кезде, ӘҚК БКП-нің метеорологиялық орталығы бұл туралы осы ӘК басқаруындағы (бақылауындағы) ӘҚБ органын және мемлекеттік авиацияның басқару органының командалық пунктін (ӘК тиесілігі бойынша) хабардар етеді.»;
553 және 554-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«553. Ұшуды медициналық қамтамасыз етуді ұшуды өткізуге авиациялық бөлім командирінің шешіміне сәйкес авиациялық бөлім әскери-медицина қызметінің бастығы ұйымдастырады. Медициналық қамтамасыз ету ӘК экипаждары мүшелерінің денсаулығын сақтау және жоғары жұмыс қабілетін ұстау мақсатында барлық ұшуды ұйымдастыру және өткізу кезеңдерінде жүзеге асырылады.
567-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«567. Әрбір ұшу ауысымына ұшуды қамтамасыз ету тобы мынадай құрамда тағайындалады:
Көрсетілген адамдарды дайындауды олардың тікелей командирлері (бастықтары) жүргізеді.»;
585-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«585. ҰҰА операторларын ҰҰА осы түріне (модификациясына) даярлау түрлері бойынша нұсқаушы ретінде жіберу Курстың тиісті жаттығулары бойынша тексеру нәтижелері бойынша жүргізіледі.
ҰҰА операторларын көрнекі ұшуға жіберу оны тиісті бағдарлама бойынша даярлағаннан кейін тікелей көрнекі ұшу алдында Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органы басшысының
(Әскери-әуе күштері қолбасшысының) бұйрығымен жүргізіледі.»;
635-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«635. Ұшуды орындау кезінде ҚБАЖ жерүсті басқару станциясында (ұшу жетекшісінде) мыналар:
1) ұшу маршруттарынан (ауданынан) басқа әуе кеңістігі құрылымының элементтері түсірілуге тиіс дайындалған карта (планшет):
мемлекеттік шекара, шекара маңындағы жолақ (шекара аймағында ұшуды орындау кезінде);
олардың нөмірлерін көрсетумен әуе трассалары мен маршруттар учаскелері;
ӘҚБ аудандарының шекаралары;
тыйым салынған, қауіпті аймақтар, ұшуға шек қойылған аймақтар;
полигон аудандары.
ҰҰА ұшуын әуеайлақтардан 100 км радиуста орындаған кезде қосымша әуеайлақта ұшып көтерілудің (қонуға кірудің) стандартты схемаларын, ұшу-қону жолағының ортасынан азимуттық-қашықтық өлшегіш торды салу қажет;
Шекара бөлімшелерінде ҰҰА ұшуын орындау кезінде ҚБАЖ жерүсті басқару станциясында (ұшу жетекшісінде) ӘҚБ орталығымен және таяудағы әуеайлақтың ҰБТ-мен байланыс схемасы, ӘҚБ орталығымен өзара іс-қимыл алгоритмі болуы қажет;»;
8-қосымшаның ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
1) ұшқыш киім-кешегінің тиісті үлгілік жиынтығын қолданудың ұсынылған температура диапазоны адамның ашық ауада 5 м/с және одан көп жел соққан кезде 2 сағат бойы болу уақытына есептелген.
2) ұшуға арналған ұшқыш киім-кешегінің жиынтығын ұшу күні қарсаңында эскадрилья командирі белгілейді. Ұшып өтетін экипаждар үшін ұшқыш киім-кешегінің жиынтығын ұшқыштар құрамын бөлген бөлім командирі белгілейді.
3) ұшу тапсырмасының сипатына және оны орындау жағдайларына байланысты бөлім командирі ұшқыш киім-кешегінің үлгілік жиынтығындағы элементтер құрамын өзгертеді;
4) көліктік ӘК үшін қызметтік міндеттерін орындау кезінде пайдаланушы белгілеген нысанды (арнайы) киімді кию көзделеді.».
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
генерал-лейтенант Н. Ермекбаев