«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – заң жобасы).
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев: «Қазіргі геосаяси жағдайда мемлекеттің ұлттық мүддесін әскери сипаттағы сын-катерлерден қорғау мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады» деп атап өтті.
Қазіргі заманғы қарулы жанжалдар әскери сипаттағы сын-қатерлерді тек тиімді жұмылдыру ресурстары бар жетілдірілген армия бар болған кезде ғана шешу мүмкін екенін көрсетті.
Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерімен қатар Қазақстан Республикасы да бейбіт уақытта қарулы күштерді адам ресурстарымен қамтамасыз етудің аралас тәсілін ұстануда.
Бұл ретте Қазақстан Республикасында соғыс уақытында қарулы күштерді адам ресурстарымен қамтамасыз етудің тек бір ғана тәсілі қалады, ол – халықты жаппай жұмылдыру, ол кеңес мектебінен келе жатқан жұмылдыруды жүргізу болып табылады.
Украинадағы оқиғалар Қарулы Күштерді жұмылдырумен, әскери-оқытылған резервті даярлауға және олардың бар болуына, сондай-ақ шығынды толықтыру немесе жеке құрамды ротациялау үшін запастағы әскери қызметшілердің уақтылы келуімен байланысты бір қатар проблемалық мәселелерді анықтады.
Сондықтан, азаматтардың резервте қызмет өткеруін ұйымдастыру арқылы Қарулы Күштердің әскери бөлімдерін адам ресурстарымен қамтамасыз етудің заманауи қағидаттарын қайта қарау қажеттігі туындайды.
Қазақстан Республикасында жауынгерлік міндеттерді шешуге қажетті санда жеткілікті жұмылдыру ресурстары мен әскери-оқытылған резерв бар екенін атап өту қажет.
Сонымен қатар, шетел мемлекеттерінің теріс тәжірибесі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін немесе соғыс жағдайын енгізу үшін айқындалған уақыт қажет екенін көрсетеді.
Тез өзгеретін жағдайларға байланысты кешіктірудің әрбір минуты әскери іс-қимыл театрында күштерді жайып салуға елеулі әсер етуі не табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан соң жай-күйді төмендетуі мүмкін.
Сондықтан соғыс немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың енгізілуін күтпей, ұдайы жауынгерлік әзірліктегі бөлімдермен қатар қысқартылған құрам бөлімдері мен резервті де лезде өрістету қажет.
Резервтегі және аумақтық қорғаныс әскерлерін тездетіп жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіру қауіп төнген бағыттағы әскерлер тобын уақтылы шоғырландыруға және саны көп әскерлерді тарта отырып, не резервті уақтылы енгізу немесе әскери іс-қимыл театрындағы шығынды толтыру жоспары бойынша әлеуетті қарсыласқа барынша соққы беруге мүмкіндік береді.
Осы ережелер табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде де сақталатын болады, егер Президент Қарулы Күштерді қолдану туралы тиісті шешім қабылдайтын болса, онда олардың салдарын тікелей жоюмен қолданыстағы әскери қызметшілер емес резервтегі адамдар айналысатын болады.
Украинадағы жанжал әскери-оқытылған резерв бар болса да оларды нақты ұрыс қимылдарына даярлауда проблемалар бар екенін көрсетті.
Сондықтан, уақыт өте келе запастағы әскери қызметшілер қызмет немесе әскери даярлық барысында алған дағдыларын ұмыта бастайды, жаңа қару-жарақ пен байланыс құралдары алынуда, оларды меңгеруге уақыт қажет етіледі, запастағы әскери қызметшілерден құрылатын бөлімшелерді жауынгерлік үйлестіру үшін уақыт қажет.
Осындай себеп бойынша Украинада жауынгерлік іс-қимыл аймағына кіргізгенге дейін жаңадан құрылған бөлімшелер полигондарда бірнеше ай бойы қосымша даярлықтан өтті. Алайда, ол уақытта бөлімшелердің тиісті деңгейдегі жауынгерлік қабілетін қамтамасыз етуге жетпеді.
Жиі өткізілетін жиындар да запастағы әскери қызметшілерді даярлауға байланысты проблемаларды шешпейді, өйткені ол бес жылда бір рет өткізіледі және әскери міндеттіледің шектелген санын ғана қамтиды.
Жиындар мен оларға тартылатын адамдардың санын ұлғайту да жағдайды жақсартпайды, өйткені кез келген жағдайда бес жылдан соң алған дағды ұмытыла бастайтын болады.
Қарулы Күштер құрылысының басты мақсаты бейбіт және соғыс уақытында қарулы күштердің оңтайлы құрамын ұстау болып табылады.
Осы міндетті шешу қарулы күштер құрылысының негізін қалайтын қағидатты іске асыруға, қарулы күштер құрамының оларға бейбіт және соғыс уақытында жүктелетін міндеттерге сәйкес келуіне және мемлекеттің экономикалық мүмкіндігін жан-жақты есепке алуға негізделеді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің
2021 жылғы 19 мамырдағы шешімімен резервтегі қызметті енгізу мақұлданды.
Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасына сәйкес 2021-2025 жылдарға арналған резервтегі қызметті енгізу іс-шараларын іске асыру көзделді.
Бейбіт уақытта Қарулы Күштерді ұлғайтпай, резервтегі әскери қызметті құру әскери міндеттілердің белгілі бір санын алуға мүмкіндік береді, олар толық немесе ішінара жұмылдыру жүргізгенге дейін соғыс уақытының немесе соғыс жағдайының, не табиғи және техногендік сипаттағы төенше жағдайдың бастапқы кезеңіндегі міндеттерді орындауға кәсіби тұрғыда әзір болады.
Бұдан басқа, техногендік немесе табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде резервтегі әскери қызметшілер бірінші кезекте қолданылатын болады, ол ҚР Қарулы Күштеріне (қолданыстағы әскери қызметшілерге) өздеріне тән емес функцияларды орындауға елеңдемей, жауынгерлік әзірлікке зиян келтірмей, жоспарлы түрде жауынгерлік даярлықты жалғастыруға мүмкіндік береді.
Резервте әскери қызмт өткеру туралы келісімшарт жасасқан әскери міндеттілер (бұдан әрі – резервтегі адамдар) Қорғаныс министрлігі айқындаған тәртіппен бейбіт уақытта жиындардан және бар әскери-есептік мамандықтар бойынша даярлықтан өту арқылы әскери қызмет өткеретін болады деп болжанады.
Резервтегі адамдар үшін даярлық бір айда бір-екі рет, ал жиын 30 күн өткізілетін болады, жалпы алғанда бір жілда екі айдан көп емес.
Бұл ретте екінші эшелон бөлімдері және шығынды толтыру үшін резерв құру мақсатында жиындар өткізу арқылы әскери-оқытылған резервті даярлау қалған әскери міндеттілер үшін жоспарлы түрде жалғасатын болады.
Жиындар мен сабақтар кезінде резервтегі адамдар өздерінің әскери білімін, шеберлігі мен дағдысын жетілдіретін, бөлімше (бөлімше, взвод, рота) құрамында үйлесімді іс-қимыл жасауды үйренетін, өзінің бірге қызмет өткеретін әскери ұжымын танитын болады.
Бұдан бөлек, резервте әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің әскери техниканы жүргізулеріне рұқсат ету және оларға бекітіп беруге мүмкіндік болады. Мұндай жағдайда техника, өзін пайдалану ресурсын жойып, тек ұзақ мерзімді сақтауда тұрмай, оған қызмет көрсетіліп, тезарада қолдануға әзір тұратын болады.
Мұндай шаралар техниканы ұзақ мерзімді сақтаудан шығару уақытын қысқартуға және әскери бөлімді барынша қысқа мерзімде жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мемлекетке қауіп төнген кезде Қарулы Күштер соғыс немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай, толық немесе ішінара жұмылдыру енгізілгенге дейін Қарулы Күштердің штат санымен бірге әскери бөлімдерде әзір тұрған тағы бірнеше мың жауынгерге ие болуға дайын болады.
Осындай қызмет түрін енгізудің алғашқы кезеңінде, бейімдеу және құқық қолдану практикасын зерделеу мақсатында резервте әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің саны көп емес болады, мүмкін мың адамға дейін.
Одан әрі резервтегі адамдардың санын бірнеше резервтегі бригадаларға дейін ұлғайтуға және олармен аумақтық әскерлерді жасақтауға болады.
Резервтегі қызмет өзінің тиімділігін көрсеткен жағдайда әрбір ұдайы әзірліктегі бригадаға бір батальонға дейін резервтегі қызметті енгізуге болады. Бригада, бір батальонды қоспағанда, қолданыстағы әскери қызметшілермен жасақталатын болады, ал бір батальон резервтегі адамдармен жасақталатын резервтегі батальон болып табылатын болады.
Ұзақ мерзімді перспективада резервтегі әскери қыметті енгізу ұдайы әзірліктегі әскери бөлімдердің жауынгерлік қабілетіне зиян келтірмей Қарулы Күштер санын қысқартуға және бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сонымен, резервтегі қызметтің негізгі мақсаты әскери бөлімдерді адам ресурстарымен кепілді қамтамасыз етуді арттыру және резервте жауынгерлік әзір күш құру болып табылады.
Резервтегі қызметті енгізу:
Қарулы Күштердің жұмылдыру қажеттілігін қанағаттандыруға;
жұмылдыру адам ресурстарының тиісті деңгейде әскери оқытылуын қолдауға;
запаста тұрған азаматтардың өздерінің әскери білімін, шеберлігі мен дағдысын жетілдіру ынтасына қызығушылығын сақтауға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.
Тұжырымдалған тәсілдерді ішінара іске асыру үшін мыналар ұсынылады:
Сонымен, «резервтегі адам – ерікті түрде Қорғаныс министрлігімен резервте әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан әскери міндетті» деген ұғымды енгізу ұсынылады.
Заң жобасында резервтегі әскери қызмет ұғымын, қызметтің шарттары мен мерзімін, сондай-ақ резервтен шығару үшін негіздер тізбесін көздеу ұсынылады.
Резервтегі қызмет азаматтардың негізгі жұмысын қоса атқарумен, жалақысын сақтаумен, қосымша ақшалай ризық төлеумен және жеңілдіктер берумен аумақ бойынша (тұрғылықты жері бойынша) келісімшарт негізіндегі әскери қызметті көздейді.
Резервтегі адамдар тиісті мамандықтар бойынша сабақтарда немесе әскери жиындарда болған кезеңде әскери қызметші мәртебесінде болады
Осы санаттағы азаматтарды даярлауды жауынгерлік даярлық бағдарламасына сәйкес тиісті мамандықтар бойынша бір айда үш күндік сабақты және бөлімшелерді шоғырландыру үшін жиындық іс-шараларды (оқу-жаттығуларды) (бір жылда бір рет 30 күннен) өткізуді ескере отырып, бір жылда шамамен 60 күн жүргізу ұсынылады.
Резервтегі қызметті енгізу:
Сонымен, заңнамалық деңгейде:
Резервтегі әскери қызметке кіруді қамтамасыз етуге бағытталған
іс-шараларды жүргізу тәртібін белгілеу жоспарлануда.
Заңнамалық деңгейде резервтегі әскери қызметке түсетін азаматтың жұмыс орнын, атқаратын лауазымын және жалақысын сақтауды, ал жұмыс істемейтін адамға – мемлекет есебінен ең төмен жалақы көздеу жоспарлануда.
Резервтегі әскери қызметшіні жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші үшін салықтық немесе өзге де жеңілдіктер көздеу немесе балама тәсілдермен жұмыс берушіні резервтегі әскери қызметшілерді жұмысқа қабылдауға ынталандыру ұсынылады.
Резервтегі адамды ол сабақта немесе әскери жиындарда болған кезеңде медициналық қамтамасыз ету, оны әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда, бөлімшелерде) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыру ұсынылады
Резервтегі адам әскери қызмет өткеретін орны бойынша әскери-медициналық мекеме (ұйым, бөлімше) немесе онда медициналық көрсеткіштер бойынша тиісті бөлімше, мамандар немесе арнайы жабдықтар болмаған кезде резервтегі адамдарға медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде жараланған, контузия, мертіккен, зақымданған немесе науқастанып қалған резервтегі адамдарды құрамында олар әскери қызмет өткеретін Қарулы Күштер қаражатының есебінен санаториялық-курортық емге жіберу жоспарлануда.
Резервтегі адамдарды бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі бойынша және уәкілетті органның бірінші басшысы айқындаған тәртіп бойынша мемлекет есебінен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекіткен нормалар бойынша заттай мүлікпен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Бұл ретте резервтегі әскери қызметті ескере отырып, әскри қызметшілер тек далалық киім нысанымен ғана қамтамасыз етілетін болады, ал оның төзімдік мерзімі жиындар мен сабақтарда болу кезеңіне ғана есептеледі.
Даярлық бағдарламасын меңгеру кезеңінде резервтегі адамдарды бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілейтін нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз ету ұсынылады.
Резервтегі адам еңбек заңнамасына, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғысына сәйкес материалдық жауаптылықта болады.
Мазмұндалғанды ескере отырып, резервтегі адамдардың толық және шектелген материалдық жауаптылығын заңнамалық тұрғыда көздеу ұсынылады
Резервтегі адамдардың сабақта болған және әскери жиындардан өткен кезеңінде әскери қызметші мәртебесінде болатынын ескере отырып, әскери қызметшілермен ұқсастық бойынша (қызметке түсу, өткеру, қызметтен шығару, әскери атақтар беру, қызмет бойынша ауыстыру, әлеуметтік, медициналық, киім-кешекпен және басқа да түрлермен қамтамасыз ету) құқықтық және әлеуметтік мәртебе беру үшін тиісті түзетулер енгізу, сондай-ақ резервте қызмет өткеру мәселелері бойынша құқықтық олқылық пен қайшылықты жою үшін өзге де түзетулерді көздеу ұсынылады.
Заң жобасын қабылдау мақсаты Қарулы Күштерді жұмылдыру кезеңімен қатар төтенше жағдай кезеңінде де әскери-оқытылған резервтегі адамдармен кепілді түрде толық жасақтауды регламенттеу болып табылады.
Заң жобасын реттеу нысаны резервте қызмет өткеру саласындағы қоғамдық қатынас болып табылады.
Заң жобасы екі баптан тұрады.
1-бап түзетулер енгізілетін, резервте қызмет өткеруді регламенттеуге бағытталған мынадай заңнамалық актілерді айқындайды: Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
2-бап заң жобасын қолданысқа енгізу мерзімі мен тәртібін айқындайды.
«Резервтегі қызмет» институты Қазақстан Республикасында алғаш рет енгізілуде, осыған байланысты ол қолданыстағы заңнамада көзделген жоқ және заңнамалық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу қажет етілмейді.
Заң жобасын қабылдаудың құқықтық салдары резервтегі қызметті регламенттеуді көздейтін нормаларды енгізу болып табылады.
Теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси және заңды салдар болжанбайды.
Қажет етілмейді.
Резервтегі қызмет бұдан бұрын нормативтік құқықтық актілерде көзделген жоқ және Қазақстан Республикасында алғаш рет енгізілуде.
Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде резервтегі қызметті құқықтық реттеудің халықаралық практикасы, шетелдердің (Америка Құрама Штаты (бұдан әрі – АҚШ), Ұлыбритания, Германия, Ресей, Беларусь) тәжірибесі зерделенді.
АҚШ
АҚШ Қарулы Күштері (бұдан әрі – АҚШ ҚК) толық еріктілерді жалдау арқылы жасақталады. АҚШ-тағы резервтер ел қарулы күштерінің құрамдас бөлігі болып табылады және тағайындау мақсаты бойынша:
Ұлттық гвардия жұмылдыруды өрістетуді жан-жақты дайындауға және тиісті біріктірілген және арнаулы қолбасшылықтарда бірлескен жауынгерлік қолдану үшін ұйымдық-штаттық құрылымды бұзбай құрамалардың, бөлімдер мен бөлімшелердің тұрақты әскерлерінің құрамына беруге арналады.
Ұлттық гвардияның ерекшелігі оны бейбіт уақытта штат губернаторларына бағындыру болып табылады. Ұлттық гвардияның бөлімдерін қорғаныс министрлігіне беру елде төтенше жағдай жарияланған кезде жүзеге асырылады.
АҚШ қарулы күштері түрлерінің резервтері штаттар бойынша ұйымдастырылған резервтегі құрамалардың, бөлімдердің және бөлімшелердің тұрақты әскерлерінен тұрады және жұмылдыруды өрістету және құрамалар мен бөлімдердің тұрақты әскерлері құрамына беру үшін тағайындалады. Бұдан басқа, олар соғыс барысындағы шығынды толтыру, ал қажет болған кезде жаңа бөлімдер құру үшін жеке құрамды даярлау бойынша оқу-жаттығу жұмылдыру базасын өрістетуді қамтамасыз етеді.
Қарулы күштердің резервтеріне жалпы басшылық жасауды қорғаныс министрінің жеке құрам, резервтер және тыл жөніндегі көмекшісі жүзеге асырады.
Қарулы Күштердің ұйымдастырылған резервін жеке құраммен жасақтау аумақтық қағидат бойынша ерікті түрде жүзеге асырылады. Еріктілер 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге келісімшарт жасаса алады. Ұлттық гвардияның ұйымдастырылған резерві мен қарулы күштер түрлерінің резервтері 17 жастан бастап 35 жасқа дейінгі адамдармен жасақталады, ал егер бұрын қызмет өткерсе, онда 59 жасқа дейін. Бұл ретте ұлттық гвардияда бұрын қарулы күштерде қызмет өткермеген адамдар лагерьлік жиындарда 12 апталық бастапқы даярлықтан өтеді.
Ұйымдастырылған резервтің резервтегі адамдары бір жылда кемінде
төрт сағаттық 48 сабақ көлемімен және жыл сайынғы лагерьлік жиындарда (кемінде 14-15 күн) жауынгерлік даярлықтан өтеді, бұл ретте оларға активті емес кезеңде лауазымдық айлықақыдан 12% және лагерьлік жиындардан өту кезінде 100% төленеді. Резервте қызмет өткерудің барлық кезеңінде оларда АҚШ ҚК әскери қызметшілерінің жеңілдіктері сақталады, ал еңбек өтілі бар болған кезде зейнетақымен қамсыздандыру ұсынылады (25 жыл).
Ұлыбритания.
Ұлыбританияның корольдік қарулы күштері 1960 жылдан бастап бейбіт уақытта дәстүрлі ерікті негізде жасақталады.
Ұлыбритания қарулы күштердің резервтік құрамдас бөлік ретінде әскери-оқытылған резервті ұстайды, олар жауынгерлік әзірлік және жедел тағайындау дәрежесі бойынша ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған болып бөлінеді.
Ұйымдастырылған резерв тұрақты әскерлердің тиісті бөлімдері мен бөлімшелеріне жақын ұйымдық құрылымы бар әскери құралымнан (аумақтық армия) тұрады, бірақ негізінде тіркелген құраммен жасақталады. Бейбіт уақытта аумақтық армияның жеке құрамы тұрақты (белгіленген саннан 5-10%) және ауыспалы (тіркелген) болып бөлінеді. Тұрақты құрамның негізі құрлық әскерлерінің шамамен 2300 әскери қызметшісі болып табылады, олардың көбі тіркелген құрамды оқытып-жаттықтыратын нұсқаушылар болып табылады. Резервтің базасы мынадай жаста қарулы күштерден жақын арада шығарылған жеке құрам болып табылады: 55-тен 60 жасқа дейінгі офицерлер; 45-тен 50 жасқа дейінгі сержанттар мен қатардағы жауынгерлер, олар Парламент белгілеген мерзімде нақты әскери қызметке шақыруға әзір тұрады. Ұйымдастырылған резервтің басты мақсаты – тұрақты әскерлер мен ӘТК-ны жедел күшейту, соғыс қаупі төнген және ол басталған кезеңде жаңадан құрылатын бөлімдер мен құрамаларды соғыс уақтының штаттарына дейін толық жасақтау.
Ұйымдастырылмаған резервке қалған 50-ден 60 жасқа дейінгі резервтегі әскери қызметшілер жатады, олардың көбін бұрын ұйымдастырылған резервте тұрған бұрынғы әскери қызметшілер құрайды.
Әскери-оқытылған резервтегі адамдардың жалпы саны шамамен 1,2 млн адамды құрайды. Құрлық әскерлері мен ӘӘК резервтегі адамдары жыл сайын 8-ден 15 тәулікке дейін болатын оқу-жаттығу жиындарына шақырылуы және демалыс күндері 2 сағаттан, бірақ жылына 36 сағаттан көп емес жауынгерлік даярлықтан өтуі тиіс. Жиындардың мерзімі 30 тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.
Германия
Германияның қарулы күштерінде резервтік құрам ретінде аумақтық әскерлер танылады, олар құрлық күштерінің құрамына кіреді және соғыс уақытында жаңа құрамалар мен бөлімдерді жұмылдыруды өрістету үшін негіз болып табылады.
Аумақтық әскерлерден басқа Бундесвердің жалпы жұмылдыру резерві бар, ол әскери-оқытылған (3-4 млн адам) және оқытылмаған резервтен тұрады.
Әскери-оқытылған резервке әскери қызмет (нақты немесе келісімшарт бойынша) өткерген және әскери даярлығы бар резервтегі адамдар жатады.
Оқытылмаған резервке қарулы күштерде қызмет өткермеген, бірақ азаматтық оқу орындарында мамандық алған әскери міндеттілер жатады және олар соғыс жағдайында Бундесвердің әр түрлі органдарында қызмет өткере алады.
Резервтегі адамдарды даярлау олар тіркелген бөлімдерде және жұмылдыру жоспарына сәйкес осы бөлімдерді жасақтауға арналған офицерлермен және унтер-офицерлермен бірге аумақтық әскерлер бөлімдерінде жүргізіледі. Ұдайы әзірліктегі құрамалардың кодталған бөлімдері мен бөлімшелерін толық жасақтауды қамтамасыз ету және аумақтық әскерлер базасында жаңа құралымдарды өрістету үшін тек ұдайы әзірліктегі және алдыңғы кезектегі резерв қана қолданылады.
Ресей Федерациясы
2015 жылы Ресей Президенті «РФ Қарулы Күштерінің жұмылдыру адам резервін құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Ресейліктерді жаңа құрылымға тарту механизмі және олармен келісімшарт жасау шарттары «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңда айқындалған. Ресей Федерациясының тиісті нормативтік-құқықтық актілерін негізге алсақ, медициналық комиссиядан өткен сарбаздар және офицерлер резервтегі адамдар бола алады.
Резервтегі әскери қызметші ай сайын 2-3 күн оқуы және жыл сайын
20-дан 30 күнге дейін созылатын жиындардан өтуі тиіс.
Резервке түсетін офицерлер және сарбаздар үш, бес немесе одан да көп жылға арналған келісімшартқа қол қояды. Жаңа келісім жасасқан кезде ресейліктер үш жылдық мерзімге - лауазымдық айлық мөлшерінде, бес және одан көп мерзім үшін – бір жарым есе көп бір жолғы төлем алады.
Резервтегі адамды нақты бір әскери бөлімге немесе ол жиыннан өтетін Жұмылдыруды өрістетуді қамтамасыз ету орталығына (ЖӨҚО) тіркейді.
Резервтегі адамның жалақысы лауазымдық айлықақыдан, әскери атағы үшін төлемнен және өңірлік коэффициенттен құралады.
Жиын кезінде мемлекет резервтегі адамға орташа жалақысын немесе стипендиясын сақтауға, тұрғын үй жалдау бойынша, іссапар шығынын, жиынға барғандағы және үйіне қайтқандағы жолақысын өтеуге кепілдік береді.
Еңбек өтілі үшін үстемеақы да көзделген. Мысалы, қабылданғаннан соң үш жылдан кейін резервтегі адамдар қосымша лауазымдық айлықақыдан 10 % ала алады. Төлемдер жыл сайын ұлғаяды. Барынша көп үстемеақы 50%, ол резервте үздіксіз 20 жыл болғаннан кейін ғана төленеді.
Мұндай адамды кез келген сәтте: ерекше немесе қауіпті кезең жарияланған кезде, күрделі оқу-жаттығу жағдайында, төтенше жағдайларда немесе бөлімдерде әскери мамандар тапшы болған жағдайда қызметке шақыруға болады.
Жаңа жүйе жоғары білікті кадрларды даярлауға және оларды жауынгерлік әзірлікте ұстауға, жаңа құраманы өрістету қажет болатын ұрыс қимылдары театрларына жеке құрамды жылдам таратуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кадрларды тартудың жаңа жүйесі РФ-ның қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталған.
Беларусь Республикасы
Соғыс уақытында қарулы күштердің қажеттілігін қанағаттандыру үшін әскери-оқытылған резерв даярлаудың негізгі тәсілі азаматтардың мерзімді әскери қызмет және резервте қызмет өткеруі кезінде әскери-есептік мамандық алуы болып табылады.
Резервтегі қызмет – мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын, Беларусь Республикасы Қарулы Күштерінің немесе көлік әскерлерінің әскери бөлімдерінде, өзге де ұйымдарында еңбек қызметін тоқтатпай әскери-есептік мамандық алу мақсатында сабақтардан және оқу-жаттығу жиындарынан өту арқылы әскери міндетті болып танылған азаматтар міндетті түрде атқаратын әскери қызмет түрі.
Резервтегі адамдар резервтегі адамдарды даярлау бағдарламаларымен айқындалатын сабақтарда немесе оқу-жаттығу жиындарында болған кезде мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің мәртебесінде болады. Резервтегі адамдар сабақтарда және оқу-жаттығу жиындарында болған уақыт оларға зейнетақы тағайындау, әскери қызметтегі еңбек өтіліне үстемеақы төлеу үшін әскери қызметтің еңбек өтіліне және әскери атақ берілген қызмет мерзіміне және Беларусь Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мамандық (сала) бойынша еңбек өтіліне саналады.
Резервтегі қызметке Қарулы Күштерде, басқа да әскери құралымдарда мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне қажеттілік болмаған жағдайда Беларусь Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар шақырылады.
Резервте әскери қызмет өткеру тәртібі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Беларусь Республикасының Заңымен, Беларусь Республикасының Президенті бекітетін Қарулы Күштердің жарғысымен, Резервте қызмет өткеру тәртібі туралы ережемен және Беларусь Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен айқындалады.
Шетел мемлекеттерінде резервте қызмет өткеру нұсқаларын қарасақ,
АҚШ-тың нұсқасы анағұрлым тартымды болып табылады, онда резервтегі адамға ҚК әскери қызметшілеріне көзделген жеңілдіктердің толық тізбесіне және еңбек өтілі бойынша зейнетақы тағайындауға кепілдік берілген. Бірақ осы кезеңде Ресей Федерациясының ұйымдастырылған жұмылдыру резервіндегі қызметті негізге алу ұсынылады.
Заң жобасын іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы қажет етіледі.