БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын, ұшуды қамтамасыз ету және басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 19 тамыздағы № 462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15791 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын, ұшуды қамтамасыз ету және басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулықта:
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттік авиацияны басқару органы:
мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның авиациясында – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы;
ішкі істер органдарының авиациясында – ішкі істер органы басшысының шешімімен;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациясында – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әуе кеңістігін және бірлесіп орналасу әуеайлақтарын пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік авиацияны басқару органдарының ұшуларды орындауы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы
№ 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
- алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.
- Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
генерал-лейтенант Н. Ермекбаев