«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 459 қбпү бұйрығының күші жойылды деп тану туралы 2021 жылғы 3 мамырдағы № 345 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 459қбпү бұйрығының
    (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15709 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Аумақтық қорғаныс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
  3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Генерал-лейтенант                                                     Н. Ермекбаев

Дата публикации
11 июня 2021