БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсыну Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шарттық негізде жүзеге асырылады.
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары ақылы негізде көрсететін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін;
2) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 752 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17771 болып тіркелген) сәйкес ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды орналастырады.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев