БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастапқы әскери дайындық қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бастапқы әскери және технологиялық дайындық бойынша сабақтар білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде өткізіледі.»;
11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:
адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздерін оқыту бойынша басшылық жасауды жүзеге асырады;
білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» курсы бойынша бағдарлама бөлімін әзірлейді»;».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев