Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына және оны іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 436 бұйрығымен Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 339 бұйрығымен Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссияның құрамы жаңартылды, өзінің қызметінде бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспарының 100 нақты қадамын, Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумды, Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 74 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссиялар туралы ережені және басқа да қолданыстағы құжаттарды басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің барлық құрылымдық бөлімшелерінде ұқсас комиссиялар қызмет атқаруда.

Үкіметтің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 18 және 19-тармақтарын орындау үшін Қарулы Күштерде ұдайы негізде нормативтік құқықтық актілерге оларда дискрециялық өкілеттіктердің бар болуы мәніне талдау жүргізілетінін және мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуы мәніне мониторинг жүргізілетінін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі Қорғаныс министрлігінің 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 1-тармағын орындау үшін Қорғаныс министрлігінің сайтында әскери қызметшілер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы азаматтардың арыздарына арналған «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты арнайы бөлім, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін кеңінен қамтамасыз ету үшін құрылған айдары жұмыс істейді.

Қорғаныс министрлігінің сайтына Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру туралы ақпарат, жадынама, әдістемелік құралдары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық баяндама, Әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» туралы оқу-әдістемелік құралы,  сондай-ақ Қорғаныс министрінің Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлықты жоюға барлық әскери қызметкерлерді шақыру туралы жолдауы орналастырылды.

2019 жылы Қорғаныс министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссияның 6 отырысы өткізілді, онда Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары, Бюджеттік жоспарлау, Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасының және Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының лауазымды адамдары тыңдалды. Нәтижелері бойынша әскерге шақырту, мемлекеттік қызмет көрсету, қаржы, мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ әскери басқару органдарының қызметінде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы 39 ұсыныстар берілді.

Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы Күштердің 38 құрылымдық бөлімшесінің әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы білуі бойынша тест қабылданып, тиісті рейтинг кестесі әзірленді.

ҚР Қорғаныс министрлігі мен шетел мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық жоспарларын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибе алмасу мәселесі бойынша тараптар сарапшыларының жұмыс кездесулері өткізіледі.  

2019 жылғы15 мен 18 қазанда Алматы қаласында және 2019 жылғы 30 қараша мен 4 желтоқсанда Владикавказ қаласында ҚР ҚК және Ресей Федерациясының  әскери полиция бас басқармалары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кездесуі болып өтті. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын жетілдіру мақсатында 2019 жылғы 21 қарашада Қорғаныс министрімен 2018 - 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірінші кезектегі шараларының жол картасы бекітілді.

Жол картасын орындауда әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша құқық қорғау және арнайы органдарымен бірлескен жұмыстар белсендірілді.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап әскери институттардың және Кадет корпусының оқу бағдарламасына жаңа оқу пәні, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта «Әскери құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізі» 30 академиялық сағат енгізілді.Әскери оқу орындарында арнайы тақырыптағы үлгілі оқу бағдарламасын енгізу болашақ сержанттар мен офицерлердің ой-өрісін кеңейтуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы имунитетін және нөлдік төзімділікті қалыптастыруға  мүмкіндік береді. Практикалық көмек көрсету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптарын жеткізу мақсатында ағымдағы жылы Қорғаныс министрлігінің шығу тобымен Семей, Алматы, Тараз, Қарағанды және Атырау гарнизондарына жұмыстар жүргізілді, онда өңірлік қолбасшылығы әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшыларының басқармалары орналасқан.Сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізілді: олардың ішінде слайдтар мен бейнероликтердің сүйемелдеуімен  өмірде кездесетін жағдайларды сипаттау арқылы ақпараттық-түсіндіру дәрістері, жеке құраммен сауалнама жүргізу, полиграфиялық зерттеу мүмкіндіктерін презентациялау, сенім сұхбаттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын үздік білу сайыстары, бас бостандандығынан айыру орындарына бару, жеке мәселелер бойынша қабылдау.  

Ақпараттық-түсіндіру шараларына 72 әскери бөлімдер мен мекемелердің 3698 әскери қызметшісі қатысты. Осы шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында (Хабар, КТК, Еуразия 1, 24 KZ, облыстық телеарналарда, радио және республикалық  басылымдарда) жарияланды.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 8 мен 18 қаңтар кезеңінде 215 әскери бөлімдер мен мекемелердің 14 мың 485 әскери қызметшілерімен әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы деңгейін бағалау мәселелері бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқанның 87 пайызы ҚР ҚК-дегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі төмендегенін көрсетті.  

Сыбайлас жемқорлық деңгейін одан әрі төмендетуге жеке өзі көмек көрсетуге 85 пайызы дайын.   

Сұралған 95% респонденттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар ұдайы жүргізілетінін көрсетеді.

Бұл ретте 91% оны жеткіліті тиімді деп санайды. 

Сонымен, әлеуметтік сауалнама нәтижесі Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жөніндегі атқарып жатқан шаралары тиімді екенін және әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ұғымның қалыптасып келе жатқанын тұжырымдауға болады.

Әскери бөлімдер мен әскери мекемелерде әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтауын тексеруге әскери полиция органдарының құқығын заңнамамен бекітуге байланысты 2019 жылы әскери полиция органдары 450 әскери бөлімді тексерді, оның нәтижелері бойынша әскери бөлімдер қолбасшылығына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін жағдайларды жою жөнінде 101 ұсыным, 59 ақпараттық хат енгізілді, оны қарау кезінде 246 лауазымды адам тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыс жандандырылды.

Бірлескен жоспарларға сәйкес 2019 жылы Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы түсіндіру жөнінде 249 дөңгелек үстел, 239 кеңес өткізілді, өңірлік БАҚ-та сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына бағытталған 160 сөз сөйлеу жарияланды.

Қарулы Күштерде барлығы сыбайлас жемқорлық профилактикасына бағытталған 8987 іс-шара өткізілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2019 жылы Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 76%-ға төмендеген, яғни 17-ден 4-ке дейін, ал әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар тіркелмеген.

ҚР ҚК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жалғастырылуда.  

Дата публикации
05 февраля 2020