«Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін уақытша атқарушының 2025 жылғы 27 мамырдағы № 622 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН

1.   «Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін уақытша атқарушының 2025 жылғы 27 мамырдағы № 622 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілгенбұйрықпенбекітілген ҚарулыКүштермемлекеттікмекемелерінің тауарларды(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жәнеолардыөткізудентүскенақшаныпайдалануқағидаларында

17-тармақта 11) тармақшадағы «өкілдік шығысты төлеуге жұмсалады.» деген сөздер «өкілдік шығысты төлеуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:

«12) көрсетілетін кір жуу қызметіне;

13) цифрландыру саласындағы консалтингтік көрсетілетін қызметкеақы төлеуге

14) цифрландыру саласындағы тауарларға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) ақы төлеуге жұмсалады.»;

1-қосымшадағы 9-тармақтың 6) тармақшасы мынадайредакциядажазылсын

«6)бастапқы әскери даярлық, әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық оқытушыларын, Қазақстан Республикасының азаматтарын запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар  бағдарламасы бойынша әскери даярлау мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру;»;

2-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

3-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

4-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

2.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2)осыбұйрықтыҚазақстанРеспубликасыҚорғанысминистрлігініңинтернет-ресурсына орналастыруды;

3)осыбұйрықалғашқыресмижарияланғанкүннен кейін күнтізбелік он күн ішіндеосытармақтың1)және2)тармақшаларыныңорындалуытуралымәліметтердіҚазақстанРеспубликасыҚорғанысминистрлігініңЗаңдепартаментінежіберуді қамтамасыз етсін.

3.   Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4.   Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5.    Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

 

 

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі

 

авиация генерал-лейтенанты                                            Д. Қосанов

Бұйрық
Дата публикации
28 сентября 2026