2026 жылғы үшінші тоқсан үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметі туралы есеп

2026 жылғы үшінші тоқсан үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс  министрлігінің қызметі туралы есеп

 

1. Жалпы ереже

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. бекітілген бұйрығымен Қорғаныс министрлігімен 19 түрлі мемлекеттік қызмет (оның ішінде 18-сы электрондық форматта көрсетіледі) және 40 кіші түрі (барлығы көрсетудің электрондық форматына көшірілген) көрсетіледі. 19 мемлекеттік қызметтің ішінен 18 түрлі мемлекеттік қызмет ақысыз негізде, 2-еуі ақылы негізде көрсетіледі.

2026 жылғы үшінші тоқсан үшін Қорғаныс министрлігі 46485 мемлекеттік қызмет көрсетті. Электрондық түрде 46485 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Есептік кезең үшін сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер мынадай қызметтер болып табылады, атап айтқанда:

1.   «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою» - 18 110 (39%) мемлекеттік қызмет көрсетілген;

2.   «Әскери міндеттілерге әскери билет немесе олардың телнұсқаларын беру» - 9 984 (21%) мемлекеттік қызмет көрсетілген;

3.   «Әскери қызмет туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) - 7 386 (16%)мемлекеттікқызмет көрсетілген.

 

2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру бойынша іс-шаралар

Сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету және олардың қолжетімділігін, оның ішінде жаңа технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану негізінде ұлғайту, қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін жетілдіру елдің мемлекеттік басқару саласын дамытудың басымдығы болып табылады.

Осылайша, Қорғаныс министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен бірлесіп, eGov 3.0 «цифрлық үкімет» веб-порталын (бұдан әрі – Портал) жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қайта жинау және оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізуде, атап айтқанда:

Әскери міндеттілерге әскери билеттерді немесе олардың телнұсқаларын беру

ҚР ҚК қызметтік баспанаға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою

ҚР ҚК қызметтік баспанаға мұқтаж азаматтық персоналын (қызметкерлерін) есепке қою

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою

Қорғаныс министрлігінің қайтыс болған зейнеткерінің отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған біржолғы төлемді және біржолғы жәрдемақыны тағайындау

Порталдың жаңартылған нұсқасындағы негізгі өзгерістер азаматтар үшін мемлекеттік қызметке жүгіну қадамдарын қысқартуға, «өмірлік жағдайлар» бойынша қызмет көрсетуге (нақты қызметті іздеудің орнына өзінің өмірлік жағдайын сипаттауға болады), AI-көмекшіні (eGov GPT) енгізуге бағытталған.

 

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша 2026 жылғы үшіншітоқсанда Қорғаныс министрлігі 19 бақылау іс-шарасын өткізді.

Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарлату бойынша тиісті ұсыныстар берілді, сонымен бірге, мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандарға консультациялық және практикалық көмек көрсетілді.

Есеп
Дата публикации
24 сентября 2026