БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларында:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Іріктеу комиссиясы жұмысты ұйымдастыру мақсатында мынадай
іс-шараларды жүргізеді:
кандидаттардың жеке ісін тексеру;
кандидаттардың әскери-есептік мамандығына және тағайындау үшін қаралатын әскери лауазымның біліміне сәйкес келуін тексеру;
кандидаттардыңденешынықтырудайындығынтексеру;
кәсібижәнепсихологиялықіріктеужөніндегііс-шаралардыжүргізу;
іріктеукомиссиясыныңотырысындаіріктелгенкандидаттардықарау;
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген мәліметтердің болуына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Талдау орталығы» ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттарды тексеру.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
|
Д. Косанов |