БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери медицина мамандарын даярлауқағидаларында:
2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әскери резидент-дәрігер – медициналық ұйым тәлімгерінің жетекшілік етуімен резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде оқитын әскери қызметші;»;
2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) тәлімгер – медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар мен жас мамандарды кәсіптік құзыреттерді, практикалық дағдыларды меңгеру және кәсіптік бейімделу процесінде сүйемелдеу үшін денсаулық сақтау ұйымының, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын, кемінде бес жыл өтілі бар, қызметін білім берудің, ғылым мен практиканың үш тұғырлығы негізінде жүзеге асыратын медицина немесе фармацевтика қызметкері.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша оқитын, жоғары медициналық білім беру бағдарламасын аяқтаған курсанттар әскери интернатураға қабылданады және әскери интерн лауазымына тағайындалады, онымен әскери институт бастығы әскери интернатурада оқу мерзіміне және ол аяқталғаннан кейін он жылға әскери қызметке жаңа келісімшарт жасасады.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрдің міндетін атқарушы авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов |