2026 жылғы бірінші тоқсан үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметі туралы есеп

1. Жалпы ереже
«Мемлекеттік қызметтер тізіліміне» сәйкес 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. бекітілген бұйрығымен Қорғаныс министрлігімен 19 түрлі мемлекеттік қызмет (оның ішінде 18-сы электрондық форматта көрсетіледі) және 40 кіші түрі (барлығы көрсетудің электрондық форматына көшірілген) көрсетіледі. 19 мемлекеттік қызметтің ішінен 18 түрлі мемлекеттік қызмет ақысыз негізде, 2-еуі ақылы негізде көрсетіледі.
2026 жылғы бірінші тоқсан үшін Қорғаныс министрлігі 35060 мемлекеттік қызмет көрсетті. Электрондық түрде 35060 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Есептік кезең үшін сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер мынадай қызметтер болып табылады, атап айтқанда:
1. «Әскери міндеттілерге әскери билет немесе олардың телнұсқаларын беру» - 9883 (28,2%) мемлекеттік қызмет көрсетілген; 
2. «Жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдарда әскери кафедраға оқуға түсу үшін өтініштер қабылдау» - 6098 (17,4%) мемлекеттік қызмет көрсетілген;
3. «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою» - 5779 (16,5%) мемлекеттік қызмет көрсетілген. 
 
2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру бойынша іс-шаралар
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процестерін жетілдіру елдегі мемлекеттік басқару саласын дамытудың басымдығы болып табылады, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Жыл басынан бастап «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Жоғары оқу орнынан кейінгі жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларға түсуге өтініштерді қабылдау» мемлекеттік қызметі электрондық форматқа ауыстырылды.
Бұдан басқа, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кіші түрлері енгізілген.
Цифрландыру аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жетілдіруде жетекші рөл атқарады. 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг шеңберінде көрсетілетін қызметті алушылардың орташа бағасы 4,97 баллды құрады, азаматтардың қанағаттану деңгейі 97,1%.
 
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау
Мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша 2026 жылғы бірінші тоқсанда Қорғаныс министрлігі 17 бақылау іс-шарасын өткізді.
Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарлату бойынша тиісті ұсыныстар берілді, сонымен бірге, мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандарға консультациялық және практикалық көмек көрсетілді.
 
Дата публикации
08 мая 2026