Меню

Страницы

Статья

Военная автомобильная полиция

Әскери автомобиль полициясының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға негізделеді.
Оның лауазымды адамдары өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін және ҚР ҚК КК-ның апатсыз пайдалану тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің нормативтік актілерін өзінің жауапкершілік аймағы шегіндегі аумақтық, көліктік және жедел жағдайға сәйкес басшылыққа алады.
Құқық тәртібін және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басшылық құжаттардың талаптары негізінде әскери автомобиль полициясы бөлімшелері жүргізушілермен профилактикалық, тәрбие жұмысын ұйымдастырады және көлік құралдарының техникалық жай-күйіне тиімді бақылауды жүзеге асырады, бұл ретте негізгі міндеттер:
1. Тіркеу құжаттарын бере отырып, әскери көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру.
2. Әскери көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу.
3. Әскерлерге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау және беру.
4. Әскери көлік құралдарының колонналарын сүйемелдеуді ұйымдастыру.
5. Бір жолғы рұқсаттамалар беру және 200 км астам қашықтыққа рейстердің орындалуын бақылау.
6. Әскери көлік құралдарын пайдаланудың заңдылығын бақылау.
7. Әскери қызметшілердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Әскери қызметшілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларын есепке алу.
8. ҚР ҚК әскери бөлімдері мен мекемелерінің парктерінде (гараждарында) ішкі қызметті ұйымдастыруды тексеру.
9. Әскерлердің қатысуымен мемлекеттік іс-шараларды дайындау және өткізу кезеңінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Дата публикации
20 апреля 2023
Дата обновления
20 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
20 апреля 2023
20 апреля 2023
Военная автомобильная полиция

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы