Қорғаныс министрлігі де, Әскери полициясы бас басқармасы да қызметінің басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болып табылады.
Негізгі міндеттер:
1) Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзырет шегінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау;
2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау қаупі жоғары лауазымдарға тағайындалатын Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналына қатысты полиграфологиялық зерттеу жүргізу.
Бөлімше Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды, Қорғаныс министрлігінің сайтында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы бөлімнің жұмыс істеуін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Қарулы Күштердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын білуге тестілеу жүргізуді, әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтауына тексерулер жүргізуді қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі гарнизондық комиссиялардың қызметін бақылау.
Жұмыстың негізгі бағыты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау, әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шараларын қабылдауға бағытталған.