Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдады

Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдады

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында 11 адамның өтініштері мен ұсыныстары қаралды.

Көтерілген негізгі мәселелердің қатарында жер қатынастары, жұмысқа орналасу, мақта шаруашылығын дамыту, мемлекеттік қолдау шаралары және арзан лизинг мәселелері болды.

ҚР АШМ комитеттері мен департаменттеріне аталған мәселелер бойынша өз құзыреті аясында және қолданыстағы заңнамаға сәйкес көмек көрсету тапсырылды.

Айта кетейік, министрлік басшылығы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды белгіленген кесте бойынша тұрақты түрде жүргізіп келеді.