
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен «Өсімдіктерді қорғау туралы» және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР заңдарына Ауыл шаруашылығы министрлігіне өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті, сондай-ақ қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және Фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін бұйрықтар деңгейінде бекіту құзыретін беретін өзгерістер енгізілді.
Осы өзгерістерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2019 жылғы 28 қарашадағы № 220-ө өкімінің 46 және
84-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің мынадай бұйрықтары қабылданды:
1) «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы» 2020 жылғы 8 маусымдағы
№ 197;
2) «Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100.
Осыған байланысты, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 540 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) қабылданды.
Қаулы қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп тану болып табылады:
1) «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 515 қаулысы;
2) «Қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 217 қаулысы;
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 736 қаулысы.