
2025 жылғы 23 сәуірде орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Маңғыстау облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде — өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған шаралар және көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері қарастырылады.
Кездесу сағат 17:00-де Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14-шағынаудан, 1-үй мекенжайында өтеді.
БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 775 837 8519 — Асия Нүрпейісова.
Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарыңызды келесі электрондық поштаға жолдауларыңызды сұраймыз: kadrinova.as@minagri.gov.kz.