Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

2025 жылғы 5 сәуірде орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Жетісу облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданған шаралар.

Кездесу сағат 09:30-да Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылдық округі, «Тәуелсіздік» ЖШС-де өтеді.

БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат үшін байланыс нөмірі: +7 775 837 8519 – Асия Нүрпейісова.

Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды kuantaev.e@minagri.gov.kz электрондық поштасына жолдауды сұраймыз.