Ауыл шаруашылығы вице-министрі Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

2025 жылғы 27 наурызда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Павлодар облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданған шаралар.

Кездесу сағат 16.30-да Павлодар қаласы, Астана көшесі, 61 мекенжайында өтеді.

БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат үшін телефон: +7 775 837 8519 – Әсия Нұрпейісова.

Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды kuantaev.e@minagri.gov.kz электронды поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.