
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы №799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларына, аккредиттеуді жою негіздері мен тәртібіне сәйкес Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, ҚР халықаралық шарттарының жобаларына сараптама жүргізу құқығын тану үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды аккредиттеуді өткізу туралы хабарлайды.
Аккредиттеуге бiрлестiктер мен ұйымдар қатыса алады.
Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші Министрлікке мынадай құжаттарды ұсынады:
Мемлекеттік органдарда қатарынан екі реттен көп аккредиттелген бірлестіктер мен ұйымдар аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады. Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші өзі жүгінетін мемлекеттік органға аккредиттеу туралы куәліктің үш көшірмесін де ұсынады.
Сонымен қатар, мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын ұсынатынын хабарлаймыз.
Аккредиттеуді алу үшін құжаттардың толық пакетін Министрлікке мына мекенжай бойынша ұсыну қажет: Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі, 36, 519-кабинет (Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті).
Аккредиттеуді алу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2020 жылғы 4 қыркүйектен 17 қыркүйекке дейін.
Анықтама телефоны: +7 (7172) 555-913, 87787881714
е-mail: kalkamanovna.d@minagri.gov.kz