2025 жылғы 3 наурызда «Астық тасымалдауға байланысты шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын және Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның астық тасымалдауға байланысты шығыстарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 67 бұйрығы қабылданды. Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады және 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданыста болады.
Бұйрықтың негізгі мақсаты – элеваторлық қуаттарды босату және астықтың артық қорын нарықтан шығару арқылы елде астықтың жиналып қалуын болдырмау.