ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да болды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да болды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, бірінші вице-министр Айдарбек Сапаров және сенатор Ақылбек Күрішбаев «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ-ның ғылыми-педагогикалық ұжымына жаңа басқарма төрағасын таныстырды

Қайрат Айтуғановты қызметке тағайындалуымен құттықтай отырып, Сапархан Омаров бұрынғы басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаевтың университетті дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, жаңа басшылықпен жоғары оқу орны одан да үлкен жетістіктерге жететініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, министр сенатор А.Күрішбаевқа «Еңбек ардагері» медалін табыстады.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, өз кезегінде, жоғары оқу орнына жаңа мәртебе берілгенін айтты: ҚазАТУ енді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық ғылыми-зерттеу университетіне айналды.

Естеріңізге сала кетейік, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ а.ж. Президенттің 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған аграрлық ғылымды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу университетінің моделіне айналды.