Құрметті отандастар!

Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
⠀
Ата Заңымыз еліміздің даму жолындағы негізгі күшке айналды. Конституция Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Таңдаған жолымыздың дұрыстығы арқасында ел тәуелсіздігінің қалыптасу жолынан сәтті өттік. Біз ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңаруларды жүргіздік, құқықтық және демократиялық қоғамның негізін қаладық. Қазақстан дүниежүзілік аренаға танымал болды және әлемдік экономикалық жүйе ішінде лайықты орнын алды.
⠀
Баршаңызды Конституция күнімен шын жүректен құттықтай отырып, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
⠀
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров