Мал шаруашылығын субсидиялаудың жаңа ережелерінің кейбір тармақтарына түсіндірме

Мал шаруашылығын субсидиялаудың  жаңа ережелерінің кейбір тармақтарына түсіндірме

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 17 шілдеден бастап асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау жаңа ереже бойынша қолданыла бастады.

Жаңа ережелер туралы бұрын да министрліктің ресми сайтында хабарлаған болатынбыз.

https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/minselhoz-prezentoval-ryad-znachitelnyh-mer-podderzhki-zhivotnovodstva?lang=ru

Осыған орай, әлеуметтік желілерде ережелердің кейбір тармақтарына қатысты сұрақтар қойыла бастады.

Сала жұмысшылары тарапынан жиі қойылатын сұрақтар

Субсидия алуға үміткер АШТӨ мал басын сәйкестендірудің электрондық құрылғылары туралы.

Барлық ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмірлер берілуі тиіс. Бұл ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру ережесінде жазылған.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің шаруашылықта есепке алу үшін құлақ сырғаларын да, электронды чиптерді де қолдануға таңдау жасау мүмкіндіктері бар.

Мал басын тіркеу кезінде селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында АШТӨ-ні сәйкестендірудің электрондық құрылғыларының нөмірлерін жүргізуде  шектеу болмайды.

Осылайша, электрондық сәйкестендіру құрылғыларында сіз жануардың сәйкестендіру нөмірін АШЖС-дан қайталай аласыз немесе жүйеде жануарларды сәйкестендірудің электронды құрылғыларын өндіруші зауыт берген нөмірді көрсете аласыз. Таңдау құқығы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіде қалады.

Электрондық тәсілмен сәйкестендірілген импортталған ауыл шаруашылығы жануарларында сол нөмірлер сақталады.

Мал шаруашылығын субсидиялаудың жаңа ережелері бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, пікір қалдырыңыз.