Аманғали Бердалин жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

Аманғали Бердалин жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

Атырау облысына сапары барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Еркенқала және Жаңаталап ауылдарында орналасқан Атырау бекіре балық шаруашылығы зауытының өндірістік учаскелерін аралады.

Бекіре зауытында вице-министр зауыт директоры Б. Мұхатжиевтің Атырау бекіре балық шаруашылығы зауытын жаңарту жөніндегі жобалық-сметалық құжаттама дайындау жұмыстарының қорытындысын тыңдады және жобалық шешімдерді оңтайландыру жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Сонымен қатар Аманғали Бердалин Қызылбалық ауылында орналасқан «Байшуақ» ШҚ-ның кларий сомын өсірумен айналысатын балық шаруашылығымен танысты. Кәсіпорын басшысы вице-министрді шаруашылықтың жұмысымен таныстырды.

Өз кезегінде Аманғали Бердалин аймақта балық шаруашылығын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, аквакультурамен айналысатын бизнес субъектілерін ынталандыру жөніндегі министрліктің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы хабардар етті.