Қазақстан БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясында Орталық Азия елдерінің мүддесін білдіретін болады

Қазақстан БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясында Орталық Азия елдерінің мүддесін білдіретін болады

БҰҰ-ның шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Конвенциясы 2024 жылғы 2-13 желтоқсан аралығында Сауд Арабиясы Корольдігінде тараптардың он алтыншы конференциясын (COP16) өткізуді жоспарлап отыр.

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы М. Теміржанов БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясының ұлттық үйлестірушісі ретінде 2024 жылғы 8-10 қазан аралығында өткен КС 16-ға дайындық жөніндегі өңірлік кеңеске қатысты.

Бұл кеңес COP16 барысында талқыланатын мәселелерді қарастыру мүмкіндігі болып табылады.
Өткізілген кездесулер нәтижесінде cop16 күн тәртібінің әртүрлі тармақтарымен байланысты өңірдің негізгі басымдықтары мен проблемалары айқындалды.

Қазақстандық тарап Орталық Азия субаймағынан өңірлік комитетте субөңірлік өкіл болып сайланды.