
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 240 бұйрығымен Күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру қағидалары бекітілді.
Қағидараларға сәйкес, қорытынды (рұқсат беру құжаты) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелерімен беріледі.
Қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады:
1) күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру туралы өтініш;
2) күнбағыс тұқымына инвойстың немесе тауар-көліктік жүкқұжаттың көшірмесі;
3) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін).
ҚР АШМ АӨК МИК аумақтық бөлімшелері бүгінгі күннен бастап күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруге дайын.