
Пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жалғасуда.
Атап айтқанда, Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына сәйкес ЖШС-нің бірінің жайылымдық жер учаскелерінде мал басы жоқ екендігі анықталды.
Учаскелердің ауданы 30 мың га құрайды.
ҚР Жер Кодексінің 94-бабының негізінде ҚР АШМ ЖРБК-нің аумақтық департаменті ЖШС-тен жер учаскелерін алып қою туралы сотқа талап арыз берді.
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап қанағаттандырылды.
ЖШС-нің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды, жер учаскелері Қарғалы ауданының жер қорына енгізілді.