Алдағы жария тыңдау туралы хабарландыру

Алдағы жария тыңдау туралы  хабарландыру

Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, Министрліктер үйі, 3 кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ көрсетілетін қызметтерінің бағаларын түсіндіру бойынша мүдделі тұлғалар үшін жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Тыңдауды өткізу күні мен орны: 14.08.2024ж. сағ. 12:00-де жария тыңдаулар онлайн форматта өткізіледі (ZOOM бейнеконференция платформасында).

Арнайы құқық субъектісінің атауы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ.

Арнайы құқық субъектісінің негізгі қызмет түрлері:

1) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу.

Уәкілетті органның байланыс телефондары және интернет-ресурстың мекенжайы: +7 (7172) 555-763; 555-981, 555-898 интернет ресурсқа сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa?lang=ru

Арнайы құқық субъектісінің байланыс телефондары және интернет ресурстың мекенжайы: +7 (7172) 55-29-81 ішкі.130, 160, интернет-ресурсқа сілтеме: https://e-qazyna.kz/

Тыңдаушылар тізімін қалыптастыру үшін алдын ала жазылудан өту керек: 

телефон арқылы: +7 (7172) 555-763, +7 (7172) 55-29-81 ішкі.160

электрондық мекенжай бойынша: m_baitoreev@gosreestr.kz.

Қатысушыларды тіркеу тыңдау өткізілгенге дейін 24 сағат бұрын аяқталады.