2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс туралы

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс туралы

         Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024 жылғы 10 мамырда 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа өтінімдерді қабылдау аяқталғанын хабарлайды.

         Барлығы 7 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы өткізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін ресми тексеру нәтижесінде пысықтауларды ескере отырып, 1 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушіге қайтарылатын болады.

         Өтінімдердің ресми тексеру кезеңінің нәтижелері қоса беріледі (қосымша). 6 өтінім мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жіберілді.

 

         Қосымша 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс туралы