
2024 жылғы 20 мамырда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қостанай облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде - көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар.
Кездесу сағат 16.00-де «Заречное» АШТС»ЖШС (Қостанай ауданы, Юбилейная к-сі, 12) алаңында өтеді.
БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат тел. бойынша: +7 776 632 22 88 – Ерқанат Сарсенбай
Сондай-ақ, өңірдің АӨК дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды temir.b.zh@minagri.gov.kz. поштасына жіберуді сұраймыз.