Ауыл шаруашылығы министрі Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

Ауыл шаруашылығы министрі Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

2024 жылғы 19 наурызда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде өңірдің АӨК дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылау. Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында облыстың бірнеше шаруа қожалықтарына бару жоспарланған.

Кездесу сағат 15.00-де «Жалғызтөбе» ауыл шаруашылығы кооперативінің (Байзақ ауданы, Жетібай ауылы, Ә.Жұмаділов көшесі, 109) алаңында өтеді.

БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат тел. бойынша: +7 701 701 34 50 – Дамир Егізбаев

Сондай-ақ, өңірдің АӨК дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды temir.b.zh@minagri.gov.kz. поштасына жіберуді сұраймыз.