
2018 жылдың қаңтар айының 1-5 аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 4 фактісі анықталды. Қырғызстан Республикасынан: - 2 жағдайда өнімде (құрма – 30 т) карантиндік объект - Комсток сымыры анықталды; Қытай Халық Республикасынан: - 2 жағдайда әкелінген өнімдер (сұлы қауызы – 18,22 т, ағаш үгінділері – 0,5 т) міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген; Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 48,72 тонна экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.