Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі тағайындалды

Евниев А.Қ. 1968 жылы 21 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтында (1990) ғалым-агроном мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясын (2001), Қарағанды «Болашақ» университетін (2002) тәмамдады. Еңбек жолын 1985 жылы совхозда қарапайым жұмысшы болып бастады. 1990-1994 жж. Солтүстік Қазақстан облысында «Степной» кеңшарының агрономы, бас агрономы болып жұмыс істеді. 1994-1999 жж. Солтүстік Қазақстан облысы, Мәскеу ауданында ХХV Партсъезд атындағы «Жаңаөзен» ЖШС-де директор қызметін атқарған. 1999-2000 жж. Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы әкімінің орынбасары және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 2001-2002 жж. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі аппаратында кеңесші және бөлім меңгерушісі, Парламент Мәжілісі аппаратында Экономикалық реформа және жергілікті даму комитетінің Хатшылында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. 2002-2005 жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің директоры болды. 2005-2006жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі болды. 2007-2008жж. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының бірінші орынбасары. 2008-2010 жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі. 2011 жылы «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК төрағасының орынбасары; 2011 жылы «Қазақстандық АӨК бойынша іскерлік кеңес» Ассоциациясының төраға орынбасары; 2013-2016 жылдар аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы қызметін атқарды. 2016-2017жж. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор лауазымында болды. «Құрмет» орденінің иегері.