
Жиналысқа Ұлттық экономика, денсаулық сақтау, инвестиция және даму министрліктері мен салалық ассоциация өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті тарапынан азық-түлік өнімдеріне техникалық регламент талаптарына бақылаудың жеткіліксіз екендігін, нәтижесінде ішкі нарықта контрафактілі тамақ өнімдерінің жаппай сатылып жатқанын атап өтті. Белгі салынбаған жұмыртқалардың сатылуы, құс еттері мен сүт өнімдерін таңбалау ережелерінің бұзылуы мен жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарлардың сатылуы жөнінде материалдар көрсетілді. Техникалық талаптарға сәйкес келмейтін азық – түлік өнімдерінің басым бөлігі импортталған, Қазақстанда арзан бағамен сатылып, өз кезегінде отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісіне кері әсерін тигізіп, бәсекеге қабілетсіз етеді. Аталған жиналыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті адам өміріне қауіпті болып табылатын азық-түлік өнімдерінің айналымы бойынша жүзеге асыратын бақылаудың тиімділігін көрсетуге, атап айтқанда, сауда нүктелеріндегі құс еті, жұмыртқа және сүт өнімдері техникалық регламенттерінің сақталуына бақылауды күшейтетіндіктерін хабарлады. ҚР АШМ Қоғаммен байланыс департаменті +7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com