Қазақстан Қытайға отандық астықты жеткізу көлемін 1 млн. тоннаға дейін ұлғайтуды ұсынды

Қазақстан Қытайға отандық астықты жеткізу көлемін 1 млн. тоннаға дейін ұлғайтуды ұсынды

Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы астық секторындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Соның ішінде, Қазақстаннан ҚХР-ға импортталатын астықтың квотасын 2019 жылы 500 мың тоннаға дейін және 2020 жылы 1 млн. тоннаға дейін ұлғайту мәселесін талқылады. Бұған қоса, қазақстандық тарапқа қытайдың ішкі астық нарығының басқа қатысушылары арасында квота бөлу ұсынылды. Қазіргі уақытта квоталанған астықтың 95% «COFCO» мемлекеттік компаниясы таратады. Анықтама: State Administration of Grain (SAG) астық секторына жауапты Қытайдың әкімшілік мемлекеттік мекемесі. SAG ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, астық секторын дамытуға жәрдемдесу, астықты макро-реттеуді жүзеге асыру, орталық астық қорын басқару және халықаралық ынтымақтастық пен алмасуды жүзеге асырумен айналысады. ҚР АШМ баспасөз қызметі +7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com