Шаньдун ауылшаруашылық ғылымдары академиясы мен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Шаньдун ауылшаруашылық ғылымдары академиясы мен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Қытай Халық Республикасының Шаньдун ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы мен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы ауыл шаруашылығы ғылымдарын және техникасын дамыту бағытында ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қойды. Бұл қадам Қытай Халық Республикасы мен Орталық Азия елдері арасындағы іскерлік байланысты нығайтуға, сондай-ақ "Бір белдеу – бір жол" бастамасы аясында тәжірбие алмасуға бағытталған.

Меморандум аясында Қытай академиясы мен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының мамандары бірлесе бірқатар жобаларды жүзеге асыруды көзделген. Осы мақсатта алдағы уақытта қос елдің ғалымдары бас қосқан бірлескен семинарлар мен конференциялар өтетін болады.

Аспан асты елінің "Бір белдеу - бір жол" бағдарламасы екі мемлекет үшін де экономика және сауданы дамытуда стратегиялық маңызға ие. Сондай-ақ, бірлескен зерттеулер жүргізу үшін екі тарап өздерінің ғылыми ресурстарын ортақ іске жұмылдырмақ.