2021 жылға дейін Астана қаласы маңындағы орман көлемін 100 мың га дейін арттыру жоспарланып отыр

2021 жылға дейін Астана қаласы маңындағы орман көлемін 100 мың га дейін арттыру жоспарланып отыр

Тұтастай алғанда соңғы 10 жылда ормандарды молайту көлемі 500 мың гектар аумақта жүзеге асырылды, бұл республиканың орман жамылғысын 0,2% -ға арттырып, республика аумағының 4,7% -на дейін жеткізуге мүмкіндік берді.  1997 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде Астана маңында 80 мың гектардан астам аумаққа отырғызылды. Бұл орманды ландшафтарды құру және қалпына келтіру бойынша республиканың атқарған жұмысының айқын дәлелі. 2021 жылға дейін Астана қаласының айналасындағы жасыл аймақты 100 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Аталған Кеңес Халықаралық Бонн шақыру мәселесіне орай Кавказдағы және Орта Азиядағы ұлттық және аймақтық күштерді арттырып, 2030 жылға қарай 350 млн. га астам бүлінген жерлерді қалпына келтіру бойынша үйлестірудің алғашқы мүмкіндігін ұсынады.  Кеңесті ашқан Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев: «Көптеген елдер жерді қалпына келтіруде елеулі табыстарға қол жеткізді. Алайда, қалпына келтіру шамасын ескере отырып, орман жамылғысын ұлғайту үшін ішкі және сыртқы ресурстарды жұмылдыру өте маңызды. Осылайша өмір сүру жағдайын жақсартуға болады», - деді. Кавказ және Орта Азия аймағында орман ландшафтарын қалпына келтіру барлық жер түрлеріне қолайлы әсер етеді. Атап айтқанда, елді мекендер мен тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының жанындағы ормандарды, орман аңғарлары мен жағалық ормандарды қалпына келтіруге баса назар аударылуда. Дөңгелек үстелге Әзірбайжан, Армения, Германия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан мен Өзбекстанның орман бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының, Табиғатты қорғау халықаралық одағы, Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) өкілдері қатысты.  Анықтама: 2011 жылдың қыркүйегінде Боннда Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен 2020 жылға қарай 150 миллион гектар алқапты қалпына келтіру маңызды міндеті қойылған болатын Бұл жобаға 21 ел қатысты. Қатысушылардың бірі Үндістан болып табылады және олардың 21 миллион гектар орман алқабын қалпына келтіру мәселесі кіреді. 150 млн. га орман алқабын қалпына келтіру қатысушы елдер үшін экологиялық және экономикалық тұрғыдан алғанда жылына 80 млрд. USD көлемінде пайда алып келеді. Бонндық шақырудың мақсаты – орман алқаптарын қалпына келтіру аңыздағыдай ұзақ процесс емес екендігін және қымбатқа түспейтінін дәлелдеу болып табылады. ҚР АШМ баспасөз қызметі +7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com