АШМ мүдделі әлеуметтік серіктестермен АӨК салалық келісіміне қол қойды

АШМ мүдделі әлеуметтік серіктестермен АӨК салалық келісіміне қол қойды

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов әлеуметтік серіктестермен кездесіп, олармен агроөнеркәсіптік кешендегі салалық келісімді талқылады. Құжат жұмыс беруші мен ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері арасындағы еңбек қатынастарын реттейді.

«Біз кезекті салалық келісімде АӨК қызметкерлерінің ең төменгі жалақысын ЕТЖ-ға арттыратын коэффициентпен белгіледік. Сондай - ақ Министрлік инфляция деңгейін және жіктелетін еңбек жағдайларына сәйкес келетін разрядаралық коэффициенттерді ескере отырып, ең төменгі тарифтік мөлшерлемелердің орташа жалақыға арақатынасын және оны индекстеуді қамтитын сала бойынша бірыңғай еңбекақы төлеу стандарттарын енгізуді көздеді», – деп  түсіндірді вице-министр.

Азат Сұлтанов АӨК-дегі 2021-2023 жылдарға арналған қолданыстағы салалық келісім жергілікті жерлерде ұжымдық шарттар жасасу кезінде оң нәтиже бергенін атап өтті. Мәселен, онда көзделген нормалар ауыл шаруашылығы саласының 1,1 мыңнан астам кәсіпорындары мен ұйымдарына таралды. Кәсіподақ мүшелері болып табылатын 75 мыңнан астам қызметкер қамтылды.

 «Кәсіподақ қызметінің еңбекақы төлеу жүйесін, тарифтік мөлшерін, еңбек нормаларын белгілеудегі, Еңбек кодексінің нормаларын сақтау саласында жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізудегі, сондай - ақ жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауын тұрақты бақылау мақсатында қорғау функциясын жүзеге асырудағы маңыздылығын атап өткен жөн», – деді Азат Сұлтанов.

Айта кетейік, кездесуде 2024-2026 жылдарға арналған келісімге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы, Yntymaq РҚБ, жұмыс берушілер қауымдастықтары мен одақтары қол қойды.

Салалық келісім