Ірі қара және ұсақ малдың аналық басын әкетуге шектеу мерзімі ұзартылды

Ірі қара және ұсақ малдың аналық басын әкетуге шектеу мерзімі ұзартылды

2024 жылғы 8 қаңтардан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1334 және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 468 «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығымен Қазақстан Республикасы аумағынан шет елдерге, оның ішінде ЕАЭО елдеріне 6 ай мерзімге ірі қара малы және ұсақ малдың аналық басын әкетуге тыйым салынады.