
Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және облыс әкімдіктерімен бірге Қазақстан Республикасында саяжай және бау-бақша шаруашылықтарын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасының жобасын әзірледі.
Картаны іске асыру саяжай және бау-бақша шаруашылықтарын толыққанды түгендеуге, сондай-ақ саяжай алаптарының инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Жол картасында облыс әкімдіктерінің саяжай алаптарындағы барлық жер учаскелеріне толық түгендеу жүргізу, саяжай алаптарының инфрақұрылым объектілеріне (жол, электр, ауыз су және суару суы) қажеттілігін айқындау, қоғамдық көліктің тұрақты қатынасын ұйымдастыру, саяжай кооперативтерін мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу және өзге де шараларды іске асыру көзделген.
Құжат жобасы 12 желтоқсанда "Ашық НҚА " порталында жарияланды және 2023 жылғы 27 желтоқсанға дейін жария талқылауда болады. Жол картасының жобасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы тынысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14846011